М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультеті, ПиМНО/у13, ДОВ/у13 топтарының студенттерінің ұйымдастыруымен «Туған өлкенің ұлы есімдері» атты тәрбиелік шара өтті. Мақсаты: ұлы тұлғаларымыздың ұрпақ есінде қалдыру, олардың рухани мұраларын мәңгі есте сақтату.
Шара барысында ПиМНО/у13 тобының студенті Ақбаян Ақанқызы Батыс Қазақстан облысынан шыққан ұлы тұлғаларымыз жайлы баяндама оқыды. Ол кісілердің шығармалары, марапаттары, қазірге дейін жеткен дәрежелері жайында айтылды. Оның ішінде Жұбан Молдағалиев, Қадір Мырза Әлі, Ақұштап Бақтыгереева, Махамбет Өтемісов, Ескендір Хасанғалиев, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Донеділ Қажымов, Мұхит Мерәліұлы, Қадырниязова Шолпан осы кісілердің шығармашылықтарын ешқашан ұмытпауымыз қажет.
ДОВ/у13 тобының студенті Тлепкалиева Альбина ақын, халық жазушысы Қадір Мырза Әлі атамыздың «Ұлы Махаббат» өлеңін нақышына келтіріп оқыды, кейін Жанболатова Айымгүл Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақыны Қадырниязова Шолпан апамыздың «Қыз тағдыры» өлеңін мәнерлеп оқып берді.
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/novosti/62-news-fakultet/325-tu-an-lkeni-ly-esimderi-atty-t-rbielik-shara-tti#sigFreeIdd2446625af