Қазан айының 9-жұлдызы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты Педагогика факультетінің Педагогика және психология, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының 1-курс студенттеріне мәдени-тарихи экскурсия өткізілді.
Экскурсия мақсаты Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы көзделген мақсаттарына сайкес қаланың көне мәдени-тарихи ғимараттарымен таныстыру, Орал қаласының көрнекті жерлеріне саяхат жасау.
![]() |
![]() |
Экскурсияға 100-ге жуық 1-курс студенттері мен Педагогика және психология, Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары, кураторлар Жаксылыков Ергазы Хайроллиевич, Отаров Орынғали Мергенұлы, Балахмет Әйгерім Самиғоллақызы, Батырбаева Жанерке Бауыржанқызы қатысты.
![]() |
![]() |
Экскурсия маршруты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің бас ғимаратынан, басқа да факультеттерді таныстырумен басталып, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында, кейін А.С.Пушкин атындағы мұражай үйінде, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып мұражай қызметкерлері мұражаймен, Орал қаласының тарихымен байланыстыра отыра құнды ақпараттар берді.
![]() |
![]() |