ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік сабақтар шеруі» атты ашық сабақтар апталығы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді.

 

Осы стратегияларды іске асыруда Педагогика факультеті іс-шаралар жоспары негізінде 11-23 қазан аралығында ұйымдастырылып жатқан ҚР Тәуелсіздігінің  30 жылдығына арналған  «Үздік сабақтар шеруі» атты ашық сабақтар апталығы басталды.

            Қазіргі таңда әрбір маманның сапалы білімнен нәтижеге жету үшін сабақ барысында әр түрлі әдістер мен студенттің қызығушылығын ояту мақсатында оқытудың тиімді әдіс–тәсілдерін, қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.

Ашық сабақтар шеруінің алғашқы үш күндігінде «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары Ерболат Б.Е. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен «Ұжым.Ұжым даму жолдары» тақырыбында дәріс сабағын, НәбиеваЖ.Ж. Кәсіби көшбасшылық негіздері пәнінен «Көшбасшының тұлғасы» тақырыпта дәріс, Тлепбергенова Г.Е. Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен «Өнер, мәдениет және дәстүрлерді білу және түсіну» атты дәріс, Маденова Л.М. Инклюзивті білім беру пәнінен «Мүмкіндігі шектелген тұлғалардың білім беру интеграциясы мен әлеуметтік бейімделу мәселелері мен перспективалары» тақырыпта семинар, Мусагалиева Г.Б. Бастауыш мектепте көркем еңбекті оқыту теориясы мен технологиясы пәнінен «Сурет салу. Пейзаж» атты практикалық сабақ; Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Жидкова Ю.М. Психогигиена пәнінен «Психогигиена и психокоррекция  стресса» семинар сабағын, Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары Наурызбаев Н.Н. Волейбол сабағынан «Волейбол ойынының техникалық әдістері» практикалық сабақ, Тюрина Т.И «Дене тәрбиесі» пәнінен «Развитие физических качеств методом круговой тренировки» практикалық сабақтарын өткізді.

 

Жоспарланған сабақтардың түгелі дерлік жоғары деңгейде өткізілуде, қатысқан оқытушылар кері байланыс арқылы өз ойларын білдіріп, сапалы ашық сабақ бере отырып, үздік әдіс-тәсілдерімен тәжірибе алмасып, апталық өз жалғасын табуда.