Қазіргі ғаламдық жаңартулар мен заманауи өзгерістер шеңберіндегі білім берудің мақсаты әлемдік сапа деңгейіндегі жаңа инновациялық білім кеңістігін кұру және жас ұрпақты абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Қоғамдық қажеттілік пен тарихи кезең жүктеп отырған бұл мақсаттың жүзеге асырылуы білім алушылардың өзіндік ұлттық санасы, азаматтық айқындамасы, интеллектуалдық ой-өрісі, жауапкершілік сезімі, жалпы мәдениеті және шығармашылық қабілеттеріне байланысты екендігі сөзсіз. Сол себепті бүгінгі оқыту үдерісінде жеткіншектердің өзін-өзі тануы, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі басқаруы және өзін-өзі іске асыруы олардың әлеуметтенуіндегі стратегиялық бағыттардың бірі деп саналады.
Осы мақсатта, 2021 жылдың 20 қазанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
«Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Вице Президенті Самсаев Иса Мусаевич пен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің басқарма төрағасы –ректор міндетін атқарушы Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы Жарғының негізінде әрекет ететін, бірлесіп Тараптар деп аталатын білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.
Тараптар Меморандумды өзара тиімді ынтымақтастық, өзара түсіністік, құрмет пен сенім қағидаттарын ескере отырып жасалған деп есептейтіндерін жеткізіп, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын дамыту және іргерілету саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.
«Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою арқылы ғылыми-зерттеу және оқу материалдарымен, жарияланымдармен және академиялық ақпаратпен алмасу, адамгершілік-рухани білім беру саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және олардың нәтижелерін білім беру ұйымдарының практикалық қызметіне енгізу, адамгершілік-рухани білім беру саласында сараптамалық зерттеулер жүргізу, адамгершілік-рухани білім беру саласында қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу сынды істерді жүзеге асырылатыны талқыланып, одан әрі оң істер жалғасын табады деп келісім жасалынды.
«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік бағдарламасының басты мақсаты әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, адамның өзін толық іске асыруына өзінің әлеуметтік рөлімен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады.
Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне жауап беретін негізгі тұлға – оқытушылар болғандықтан, жоғары оқу орындарында рухани-адамгершілік тәрбие беру үрдісі кең көлемде жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта жоғары оқу орындарынының оқытушылары мен студенттеріне білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жасалып жатырған мүмкіндіктер үшін университетіміздің басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлына алғысымызды білдіреміз!
Педагогика факультетінің пресс хатшысы Батырбаева Жанерке Бауыржанқызы