«Жыр алыбы - Жамбыл»

2021 жылдың 5-жұлдызы Ғылыми кітапхана ұжымы мен Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев атамыздың  175 жылдығына орай «Жыл алыбы - Жамбыл» атты мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараның алғы сөзі Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Кулдашева Надежда Утегалиевна мен Педагогика факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тапаева Жанерке Таулбаевнаға берілді.

Шарада Мәдениет және өнер факультетінің «Дәстүрлі өнер халық аспаптары» мамандығының 1-ші курс студенттері Базарбаева Ақниет, Курманкулова Салтанат күмбірлетіп күй шертіп, «Ленинградтық өренім!» өлеңін 2-курс студенті Шандаев Темирхан өз нақышына келтіре рөлге кіріп оқыса, жыршының әр тақырыптағы өлеңдерін «Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1-курс студенттері Денисова Маргарита, Серікова Нурайым,  Әуесбаева Гаухар және 2-курс студенттері Жанабаева Жансая, Тілекова Салтанат оқыды, өзінің мың бұралған биімен кеш көркін қазақтың ұлттық биімен Бигалиева Раушангүл одан әрі шырайын кіргізді.

Кеш соңы Педагогика факультетінің кітапханашысы Гүлшира Шаденовнаға, ұйымдастырушы Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Жанерке Бауыржанқызы мен Әйгерім Самиғоллақызына қорытынды сөз берілді.