Жұмыс нарығындағы трендтер: түлектерге арналған мүмкіндікдер

М.Өтемісов атындағы БҚУ педагогика факультетінде 30 қазан күні сағат 15.00де 7 корпус 513 аудиторияда «Жұмыс нарығындағы трендтер: түлектерге арналған мүмкіндіктер» атты жұмыс берушілері және түлектерімен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу мақсаты жұмыс нарығындағы қазіргі трендтер мен түлектерге арналған мүмкіндіктерді талқылау, пікір алмасу, жұмыс берушілер мен түлектер арасындағы Жұмыс нарығындағы өзекті трендтерді анықтау, түлектер үшін қажетті дағдылар мен біліктіліктерді анықтау, жұмыс берушілердің талаптары мен ұсыныстарын түсіндіру, түлектерге арналған тәжірибелер мен ресурстарды ұсыну, қатысушылар арасында нетворкингті дамыту. Кездесуге жұмыс беруші- Жангалиев Ерден Кенесович - Балалар мен жасөспірімдер № 2 спорт мектебінің директоры, Қалымбет Асылбек Кеңесбайұлы, 6 ЖОББМ директоры, ⁠Убишева Айжан Султановна 9 “Еркемай” бөбекжайы МКҚК меңгерушісі, ⁠Тапауова Адема Аязбаевна 15 “Ақбота” МКҚК меңгерушісі, Ғұбаш Арыстанбек Нұхқалиұлы - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты» КММ директоры, Габдуллина Зухра Миндвайевна - "Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледж" МЕМ директоры және түлектер: Нурмуханов Аскербек Бакытжанович - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры, Габбасов Нұрымжан Серікұлы -“Теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі” МКҚК- дд директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Отаров Мерей Таскалиевич - 30 мектеп Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің зерттеуші мұғалімі, Саматов Берік Саматович   - Қадыр Мырза Әли атындағы №47 жалпы білім беретін мектебінің Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Кабиев Замир Гарифуллиевич - №19 ЖОББМ Педагог модератор АӘжТД пәні мұғалімі, Зайдағалиева Нұрдана Рустамқызы магистрант қатыстырылды.         

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде қатысушылар жұмыс нарығындағы трендтер мен түлектерге арналған мүмкіндіктерді тереңірек түсініп, тиімді ынтымақтастық жолдарын анықтайды. Бұл шара түлектердің болашақ мансаптық жолына жаңа серпін беруге көмектеседі.