Педагогика факультетінде 28 тамыз күні 1-курс студенттеріне университеттің көрікті жерлерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Оқу ордасын алғаш аттаған білім алушыларға білім бағдарламасының корпусы, университеттің ғылыми кітапханасы, спорт кешені, университеттің идеялық, оқу, ғылыми, білім беру бөлімі – университет мұражайымен 1-курс кураторлары аға оқытушы, магистр Лариса Александровна мен Елдана Қобландықызы және факультет студенттерінің деканы таныстырып, студенттерге түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Нұсқаулық соңында естелік суретке түсіп, оқу ордасының табалдырығын аттаған білімгерлерге сәттілік тіледік.