Педагогика және психология білім беру бағдарламасы

Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі Эльмира  Кайрлиевна  Абдираимова  аға оқытушы, магистр.

Мекенжайы: Студенческая 4, 7 корпус, 223 кабинет

Телефон: 50-53-46

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Педагогика және психология  білім беру бағдарламасы

        «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы Педагогика факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бағдарлама 2003 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді және білім беру жүйесі мен еңбек нарығының заманауи талаптарына сай педагогика және психология саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.

Іске асырылатын білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

  • 6В01101 – Педагогика және психология
  • 6В01103 – Психология (IP)
  • 6В01802 – Әлеуметтік педагогика және педагог-ассистент
  • 6В03105 – Психология

Магистратура

  • 7М01109 – Педагогика және психология
  • 7М03104 – Психология
  • 7M01113 Педагог-кәсіби бағдарлаушы (IP)

Қос дипломды білім беру бағдарламасы (магистратура)

  • 7M01108 Педагогика және психология (Ресей Федерациясының Әлеуметтік педагогикасы)

Профессор-оқытушылар құрамы

Білім беру бағдарламасының негізгі штаттық профессор-оқытушылар құрамы білікті мамандардан тұрады. Олардың қатарында PhD докторлар, педагогика және психология ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар (доценттер), аға оқытушылар және оқытушы-магистрлер бар.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

«Педагогикалық білім» бағыты бойынша (педагогика, психология, әлеуметтік педагогика) жоғары білікті кадрлар даярлау және заманауи білім беру технологияларын енгізу, академиялық ұтқырлықты дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл негізінде өңірде жетекші орынға шығу.

Білім беру бағдарламасының міндеттері

  • өңірде бәсекеге қабілетті білім беру ортасын қалыптастыру;
  • демографиялық өзгерістер жағдайында талапкерлер контингентін қамтамасыз ету;
  • ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет сапасына қойылатын талаптарды арттыру.

Білім беру бағдарламасын іске асыру принциптері

  • Ашықтық – білім беру бағдарламасы туралы ақпараттың қолжетімділігі, цифрлық коммуникация және жедел кері байланыс;
  • Қолжетімділік – студенттердің кәсіби және әмбебап (soft skills) құзыреттерін дамытуға жағдай жасау;
  • Өзара әрекеттесу – білім беру ұйымдарымен, әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен ынтымақтастықты дамыту.

Қызметтің негізгі бағыттары

  • оқу үдерісін жетілдіру және дамыту;
  • ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;
  • кадрлық әлеуетті дамыту;
  • материалдық-техникалық базаны нығайту;
  • басқару жүйесін жетілдіру.

Білім беру бағдарламасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге академиялық қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, инклюзивті білім беру қағидаттарын ұстанады.