
Дене тәрбиесі кафедрасының миссиясы — қозғалыс белсенділігін дамыту, денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру арқылы физикалық тұрғыдан дені сау, әлеуметтік белсенді және жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Кафедраның мақсаты:
студенттің жеке физикалық мәдениетін қалыптастыру және оны әлеуметтік-кәсіби, дене шынықтыру-спорттық, сауықтыру қызметінде және отбасында жүзеге асыру қабілетін дамыту.
Кафедраның міндеттері:
* оқу-тәрбие процесін жаңғырту, студент тұлғасын жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін жаңа формалар, әдістер мен әдістемелік тәсілдерді іздестіру және оңтайландыру, дене мәдениетін оның қалыптасуы мен дамуының тиімді факторы ретінде қалыптастыру;
* кафедраның оқу-әдістемелік әлеуетін дамыту, оқу, тәрбие және дене шынықтыру-сауықтыру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді кеңейту, оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыруға ақпараттық технологияларды енгізу;
* ғылыми-зерттеу қызметін инновациялық педагогикалық технологияларды әзірлеуге бағыттау, оның ішінде денсаулықты сақтау, жан-жақты дамыту және тұлғаны жетілдіру саласындағы қолжетімді, қауіпсіз және тиімді тәжірибелерді енгізу;
* тәрбиелік жұмысты студенттердің салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыруға бағыттау, оны оқу мен мансаптағы табыстың факторы әрі денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және қорғаудың әмбебап құралы ретінде қарастыру.
Кафедраның принциптері:
- Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы принципі.
- Дене тәрбиесінің тәжірибемен байланысы принципі.
- Дене тәрбиесінің сауықтыру бағыттылығы принципі.
Негізгі қызмет бағыттары:
- Оқыту сапасын үздіксіз жетілдіру;
- Практикалық сабақтарды өткізу деңгейінің ғылыми және әдістемелік сапасын арттыру;
- Пәннің оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) әзірлеу;
- Профессор-оқытушылар құрамының инновациялық қызметін дамыту;
- Студенттерді ғылыми конференцияларға тарту, олардың ой-өрісін кеңейту, өзін-өзі тану және өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;
- Студенттер арасында салауатты өмір салтына ұмтылысты қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
- Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту.
Кафедраның құрылымы:
Кафедрада 14 штаттық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде:
КСРО спорт шебері — Бекбаев С.Ш.;
Грэпплинг бойынша спорт шеберлігіне кандидат, «Аралас жекпе-жек (ММА)» спорт түрі бойынша ұлттық спорт төрешісі — Шандозтеги А.Т.;
Үстел теннисі бойынша спорт шеберлігіне кандидат — Джумагалиев А.Х.;
Дзюдо бойынша спорт шеберлігіне кандидат — Тюрина Т.И.;
5 оқытушының 1 ересектер спорттық разряды бар.
Біліктілікті арттыру курстары:
Қазақ спорт және туризм академиясы, 2021 ж.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2024 ж.
Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, 2025 ж.
Мекенжайы: Короленко көшесі, 22
Телефон: 50-31-96

