Оқу қызметі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

 Дене тәрбиесі кафедрасының 2025 жылғы 31 наурыз – 4 сәуір аралығындағы әдістемелік апталығы өтті

Тақырыбы:

«Болашақ білім беру: студенттердің шығармашылық, креативті дағдысын дамытуда жаңа оқыту парадигмаларын интеграциялау» Апталықтың мақсаты – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді насихаттап, студенттердің салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуға ықпал ету.

Апталық аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

 31 наурыз 2025 ж. | 14:00

«Дене тәрбиесі – салауатты өмір салтының негізі» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция.Конференцияда салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлі, инклюзивті білім беру, цифрлық технологияларды қолдану, қозғалыс белсенділігінің адам денсаулығына әсері тақырыптары қарастырылды.

1 сәуір 2025 ж. | 10:00

«Грэпплингтегі шабуыл және қорғаныс әдістері» атты шеберлік сағаты. Шеберлік сағаты аясында студенттер грэпплинг спорт түрінің негізгі әдістерімен танысты.

2 сәуір 2025 ж. | 14:00

«Әкешім, анашым және мен – бақытты спорттық отбасымыз!» атты отбасылық спорттық сайыс. Сайысқа университет қызметкерлері отбасыларымен қатысты. Мақсаты – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, отбасылық бірлікті нығайту және салауатты өмір салтын дәріптеу.

3 сәуір 2025 ж. | 10:00

«Волейбол ойыны бойынша қозғалыс біліктері мен дағдыларын бекіту» атты ашық сабақ. Сабақ барысында студенттер волейбол техникасының негізгі элементтерін меңгерді.

4 сәуір 2025 ж. | 10:00

«Дене шынықтыру және спорт: бүгін, ертең және болашақта» атты ауызша журнал. Іс-шарада спорттың қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы пікірлер ортаға салынды.

31.03–04.04.2025 ж. аралығында

«ЖОО-дағы дене шынықтыру және спорт» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында кафедраның жетістіктері мен оқу-әдістемелік материалдары ұсынылды.

 2023-2024 ж. кафедралардың ПОҚ жарияланған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тізімі

Автор(-лар)

Оқулықтар немесе оқу-әдістемелік құралдың атауы

Қала, басылым атауы, жылы, бет көлемі

1

Бекбаев С.Ш.

Шандозтегі А.Т.

 

«Методика обучения технико-тактическим действия дзюдоистов на начальном этапе учебно-тренировочного процесса» (оқу-әдістемелік құралы)

БҚУ баспа орталығы

2

Демченко Л.В.

Тюрина Т.И.

Клименко Т.И.

Даупаев М.О.

Педагогические аспекты физической культуры и спорта (оқулық)

Орал қаласы, БҚУ баспа орталығы 2024ж.

2023-2024 ж. кафедралардың ПОҚ жарияланған электрондық оқулықтар тізімі

Автор(-лар)

Электрондық оқулық атауы

Қала, басылым атауы, жылы

1

Тюрина Т.И.

Базартаев Т.А.

 

«Асық ойынының түрлері мен  ережесі»  (электронды оқу-әдістемелік құралы)

БҚУ АТ орталығы 2024ж.

2024-2025 ж. кафедралардың ПОҚ жарияланған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тізімі

Автор(-лар)

Оқулықтар немесе оқу-әдістемелік құралдың атауы

Қала, басылым атауы, жылы, бет көлемі

1

Т.И. Тюрина

Р.А. Мулдабеков

«Влияние бадминтона на здоровье человека»

БҚУ баспа орталығы, Орал қаласы, 2025ж.

2024-2025 ж. кафедралардың ПОҚ жарияланған электрондық оқулықтар тізімі

Автор(-лар)

Электрондық оқулық атауы

Қала, басылым атауы, жылы

1

Тюрина Т.И.

Е.У. Акмуханов

«Қазақ күресінің даму тарихы мен әдіс-тәсілдері» (электронды оқу-әдістемелік құралы)

БҚУ АТ орталығы, Орал қаласы, 2025ж.