Мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру саласында ғылыми және педагогикалық қызметке қабілетті, сыни ойлау қабілеті, ұйымдастырушылық қабілеті, зерттеу, ақпараттық-аналитикалық қызмет дағдылары бар білікті мамандарды даярлау.
Бітіруші түлекке «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Білім бакалаврлары педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес қызмет атқара алады. (31.10.2018 Ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Негізгі прициптері:
· Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пәндік дескрипторларға, оқыту циклі мен деңгейіне (мысалы, Дублин дескрипторларына, аккредиттеу агенттіктерінің талаптарына және стратегиялық әріптестердің үміттеріне);
· Еңбек және тұтынушылар нарығына бағытталған;
· Конструктивті келісу және сәйкестік қағидаттарына негізделген: мектеп бітірушінің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқыту нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
· Кәсіби қызметте соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
Түлектердің біліктілік моделі
6В012 "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" тәрбиешілерін даярлау білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын әдістемелік және психологиялық жағынан өзгертуге дайын;
- Еңбек нарығы мен технологияның өзгермелі талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін өз қызмет саласында білім негіздерін, бастамашылық пен белсенділікті меңгерген;
- Жаңартылған білім беру бойынша жаңа ережелер мен тәсілдерді, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқытудың инновациялық әдістерін меңгере алады;
- Зерттеу іс-әрекеті, әдістемелік эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгерген;
- әлеуетті мүмкіндіктерді дамыту мақсатында мектепке дейінгі балалардың тұлғалық және когнитивті салаларын зерттеу;
- жеке тұлғаға бағытталған білім беру мен инклюзивті оқытуды жүзеге асыру арқылы жеке және сараланған тәсілдер.