1 |
БББ атауы |
Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы |
2 |
Дайындық бағыты |
Педагогикалық білім беру |
3 |
Мақсаты |
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандарды – бастауыш сынып мұғалімдерін, мектепке дейінгі тәрбиешілерді және педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлау.
|
4 |
Оқыту тілі |
Қазақ тілі , орыс тілі |
5 |
Берілетін академиялық дәреже |
Бакалавр, магистр |
6 |
Оқыту нәтижелері |
3.1 Оқыту нәтижелері:
ОН 1. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық стандарттарына сәйкес дүниетанымдық, тарихи және адамгершілікте даму үшін пәнаралық білім мен тәжірибені қолданады;
ОН 2. Тұлғааралық, әлеуметтік, кәсіби және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті деңгейінде қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде конструктивті қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті болады;
ОН 3. Жұмыс ортасын ұйымдастыра алады, саналы түрде халықаралық және ұлттық құжаттарға, ұлттық білім беру жүйесінің қағидаларына, заңдарына және ережелеріне сәйкес өз ұйымының қызметімен және көпсалалы ынтымақтастықпен өзара байланыста жұмыс жасауға қабілетті болады; ОН 4. Кәсіби дамуға және өмір бойы білім алуға; өз құндылықтарын, көзқарастарын, этикалық принциптерін, жұмыс әдістерін көрсетуге, ойластыруға және сыни тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде бастауыш білім беруді, өз ұйымының және кәсіби әл-ауқатының дамуын жетілдірудің жаңа мақсаттарын қоюға қабілетті болады;
ОН 5. Педагогика мен психологиядан алған білімдерін тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік, инклюзивті тәсілдер қағидаттарын ескере отырып, бастауыш мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу, дамыту, өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қолдана алады; ОН 6. Барлық балалар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қауіпсіз, кедергісіз заттық-кеңістіктік ортаны жобалауға қабілетті болады;
ОН 7. Бастауыш мектеп пәндерінің теориясында дүниетанымға, хабардарлыққа, 1-4 сыныптарға арналған мектеп курсын құру логикасына байланысты кәсіби білімдерін қолданады;
ОН 8. Бастауыш мектепте оффлайн және онлайн режимінде, соның ішінде шағын жинақталған мектеп жағдайында жеке пәндерді оқыту және бағалау технологиясы мен әдістері бойынша дағдыларды көрсетеді;
ОН 9. Әр оқушының дамуы мен әл-ауқатына қолдау көрсете отырып, функционалдық сауаттылықты, зерттеу дағдыларын және шығармашылықты дамыту үшін белсенді және интеграцияланған оқытуды үлгілеуге және ұйымдастыруға қабілетті болады;
ОН 10. Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер негізінде оқу-тәрбие үдерісін басқара алады, оқу үдерісінің мониторингісін жүргізуге, өзінің оқыту әрекетін жақсарту үшін оның нәтижелерін талдауға және қолдануға қабілетті болады;
ОН 11. Педагогикалық әдеп нормалары мен академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, жергілікті, аймақтық, республикалық немесе халықаралық деңгейде бастауыш білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз бетінше және ұжымда жүргізуге қабілетті болады;
ОН 12. Ата-аналармен және педагогикалық қауымдастықпен ынтымақтастықта бірлесіп жасалатын жұмыс аясында жағымды ортаны құру үшін эмоционалдық интеллект пен көшбасшылық дағдыларды дамытуға қабілетті болады.
|
8 |
Аккредиттеу |
6В01301 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (мемлекеттік лицензия: 25.06.2020 № KZ33LAA00018425. Куәліктің қолданылу мерзімі: 27.05.2021 – 26.05.2026. Берілген күні: 27.05.2021 тіркеу нөмірі: АВ 3364); 7М01301 / 7М01307 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (мемлекеттік лицензия: 25.06.2020 № KZ33LAA00018425. Куәліктің қолданылу мерзімі: 27.05.2021 - 26.05.2026. Берілген күні: 27.05.2021 тіркеу нөмірі: АВ 3365); 6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (куәліктің қолданылу мерзімі 01.06.2022-31.05.2027. Тіркеу нөмірі HE-SA-000281 берілген күні: 01.06.2022) Бағдарламалар 5 жыл мерзімге мамандандырылған халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті.
|
9 |
Рейтинг |
2020 жылы "Атамекен" ҚР ҰКП рейтингі бойынша «6В01301 Бастауышта білім беру педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы - I орын, 2021-2022 жылдары ұлттық білім беру бағдарламалары рейтингінде 4 орын. ҚР ҰКП Атамекен рейтингіне сәйкес, «6B01201 Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» білім беру бағдарламасы 2020 жылы – 4 орын, 2021-2022 жылдары ұлттық білім беру бағдарламалары рейтингінде II орын алды.
|