Мақсаты:
Педагогикалық білім беру саласында ғылыми және педагогикалық қызметке қабілетті, сыни ойлауға, ұйымдастырушылық дағдыларға ие, педагогикалық қызмет үшін маңызды, зерттеу, ақпараттық-аналитикалық қызмет дағдыларына ие білікті мамандарды даярлау, магистранттардың бастауыш, кәсіптік, жоғары білім беру деңгейінің білім беру үрдістері мен құбылыстарын бақылау мен талдаудың ғылыми-зерттеу және эксперименттік әдістерінің негіздерін меңгеруі.
Түлекке "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі"білім беру бағдарламасы бойынша "педагогика ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесі беріледі.
Негізгі ұстанымдар:
* Халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: пәндік дескрипторларға, оқыту циклі мен деңгейіне (мысалы, Дублин дескрипторларына, аккредиттеу агенттіктерінің талаптарына және стратегиялық серіктестердің үміттеріне));
* Еңбек және тұтынушылар нарығына бағытталған;
* Конструктивті келісу және сәйкестік қағидаттарына негізделген: мектеп бітірушінің моделі, мақсаттары, жоспарланған оқыту нәтижелері, бағалау және оқыту әдістері;
* Кәсіби қызметте соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
Түлектердің біліктілік моделі
7М013 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі"білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі әдістемелік және психологиялық жағынан өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгертуге дайын.
- Еңбек нарығы мен технологияның өзгермелі талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін өз қызмет саласында білім негіздерін, бастамашылық пен белсенділікті меңгерген;
- Жаңартылған білім беру бойынша жаңа ережелер мен тәсілдерді, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқытудың инновациялық әдістерін меңгере алады;
- Зерттеу іс-әрекеті, әдістемелік эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгерген;
- Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік дағдыларға ие, жаһандық сын-қатерлерге бейімделген.