Бакалавриат білім беру бағдарламалары

bakalabr_.jpg - 52.50 kB

6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

 

Маманның болашақ іс-әрекетінде педагогикалық-психологиялық біліктілік пен педагогикалық мәдениетті бір ағымға біріктіруге мүмкіндік береді.

«Педагогика және психология» мамандығының түлектері төмендегідей қызметтер атқара алады:

— әр түрлі оқу-тәрбие мекемелерінде (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, жалпы білім беретін орта мектеп, кәсіби мектеп, бейіндік мектептер: гимназия, лицей, колледж) педагог-психолог;

— білім беру жүйесінің ҒЗИ-да кіші ғылыми қызметкер;

— педагогика және психология оқытушысы;

— интернат, балалар үйі, түзету және коррекциялық мекемелерде әлеуметтік педагог;

— әкімшілік ұйымдардың маманы (білім және ғылым министрліктерінде, облыстық, аудандық, қалалық білімді басқару мекемелерінде);

— түрлі ұйымдарда кадр саласындағы менеджерлерді және кадрларды дайындау, қайта даярлау менеджері.

bakalabr_2.jpg - 57.17 kB

6В01801 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы

 

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар келесідей салада жұмыс істей алады:      

— мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттерде);

— әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);

— мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мамандандырылған білім беру мекемелерінде);

—   өскелең ұрпақты қоғамдық ортада тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен байланысты мекемелерде (түзету және оңалту орталықтарында, арнайы мектептерде, колонияларда);

— балалардың тынығуын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен байланысты мекемелерде (қоғамдық ұйымдарда, балалар клубтарында, студияларда, сауықтыру лагерьлерінде, аниматорлық қызметте).

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсетуде өте маңызды мамандықтардың бірі болып табылады. Сондықтан да, аталмыш мамандықтың адам өмірінде де, қоғамға да қосар үлесі зор.

 


Басып шығару