ҚҚ 1. Дидактикалық құзыретіліктер: негізгі нормативтік құжаттарды білу, білім беру саласындағы ұйымдастыру және басқару, оқу-танымдық қызметтің теориялық негіздерін, педагогика мен психологияны оқыту әдістемесін білу; психологиялық және педагогикалық құбылыстардың заңдылықтарын түсіндіруде дидактикалық әдісті қолдана білу.
ҚҚ 2. Ақпараттық-аналитикалық құзыреттіліктер: қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық ғылым тұрғысынан білім берудің пайда болған мәселелерін зерттеу, жүйелі сипаттау және түсіндіру қабілетін меңгеру; әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру және ғылыми негізделген тұжырымдарды құру қабілеті; жаңа білімді пысықтау, болжауды жүзеге асыру, қолда бар ақпаратты талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау қабілеті; ықпал ететін факторларды нақты анықтау және жүйелі талдау қабілеті; кәсіби қызмет барысында туындайтын мәселелердің психологиялық-педагогикалық құрауыштарын көру, сондай-ақ олардың сандық-сапалық талдауын жүргізу қабілеті.
ҚҚ 3. Заманауи инновациялар саласындағы құзыреттіліктер: инновациялық білім беру қызметін жүзеге асыру, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында инновациялық білім беру технологияларын қолдану, өз іс-әрекеті мен авторлық жаңашыл идеяларының инновациялық әлеуетін жүзеге асыру қабілеті; инновация, технологиялар саласындағы білімді, технологияларды іздеу, бағалау, іріктеу және пайдалану, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу дағдылары мен іскерліктерін меңгеру; білім беру саласындағы эмпирикалық зерттеулердегі инновациялық әдістемелерді әзірлеу және сынақтан өткізу, қолданбалы бағдарламалардың қазіргі заманғы пакеттерін пайдалана отырып деректерді өңдеу, инновациялық ашылудың нәтижелерін тарату қабілеті.
ҚҚ 4. Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктер: ақпаратты өз бетінше іздеу, іріктеу, құрылымдау, ұйымдастыру, ұсыну және беру, процестерді моделдеу және жобалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып кәсіби қызмет саласындағы жобаларды іске асыру; өзінің пайымдауларын еркін және дұрыс баяндау, сондай-ақ ғылыми жарияланымдар мен кәсіби құжаттардың әр түрлерін үш тілде жазу және аудару қабілеті. Өзекті білімдер: негізгі іздеу жүйелері және Интернет желісінде ақпаратты іздеу, іріктеудің жалпы ережелері туралы; ақпаратты бағалау және іріктеу критерийлері туралы; синхронды және асинхронды Интернет-коммуникация құралдары туралы; оқыту үшін пайдаланылатын Веб-технологиялар туралы; кәсіби қызметке дайындалуға ықпал ететін ақпараттық-анықтамалық материалдар туралы; үлгерімді бақылау және өзін-өзі бақылау үшін онлайн-тестілер мен Интернет-сервистердің негізгі түрлері туралы.
ҚҚ 5. Әлеуметтік-педагогикалық құзыреттіліктер: өлшеу дағдыларын, әлеуметтік-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру; оқыту бейініне байланысты білім беру мазмұнын таңдай білу, білім алушылардың әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған оқыту бейініне байланысты білім беру процесін жобалау және ұйымдастыру; қиын өмірлік жағдайда қалған балалармен, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру жұмыстарын жүргізу қабілеті; білім беру үрдісіне қатысушы ретінде оқушылардың ата-аналары мен педагогтардың өзара іс-әрекетін ұйымдастыруды; әлеуметтік-педагогикалық ағартушылық қызметті ұйымдастыру; әлеуметтік-педагогикалық түзету және терапия шараларын ұйымдастыру; даму және әлеуметтендіру процесінде ауытқулары бар балалардың түрлі категорияларымен жұмыс істеу әдістемесін және технологиясын меңгеру, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек және қолдау көрсетуді меңгеру.
ҚҚ 6. Ұйымдастыру құзыреттіліктері: кәсіби қызметте нормативтік құқықтық құжаттарды қолдануға дайындығын көрсету; мақсатты болжауды, жоспарлауды, талдауды, рефлексия, оқу-танымдық іс-әрекетті өзін-өзі бағалауды және нәтижелі іс-әрекеттің креативті дағдыларын ұйымдастырудың білімі мен іскерліктерін меңгеру; инклюзивті білім беру жағдайында дамуында ауытқулары және оқытудағы қиындықтары бар балаларға арналған түзету-дамыту бағдарламаларын және білім беру үрдісінде балаларды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің дамыту бағдарламаларын жасай білу; әлеуметтік-педагогикалық интеграция саласындағы білімді меңгеру, әртүрлі пәндік облыстардан проблемалық міндеттерді шешуде білімді интеграциялау дағдылары мен біліктерін меңгеру, ынтымақтастыққа қабілетті; менеджмент негізінде оқу орындарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқару дағдыларын, оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен басқару дағдыларын меңгерген; білім беру жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық қызметтерінде, кәсіптік оқытуда және пенитенциарлық мекемелерде оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру мен бағалауға қабілетті.
ҚҚ 7. Кәсіби-тұлғалық құзыреттер: мамандықтың жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби этика принциптерін сақтайды; білім беру шеңберінде педагог-психолог қызметінің құрылымын сипаттай алады, кәсіптік қызметтің әлеуметтік-педагогикалық жағдайын болжайды, талдайды және бағалайды, өзін-өзі ұйымдастыруға және үздіксіз білім алуға қабілетті, кәсіби дамудың жеке траекториясын жасай біледі; өз жұмысының нәтижелерін жақсартуға, жеке тұлғалық ерекшеліктерін және кәсіби-психологиялық әлеуетін пайдалану есебінен еңбек тиімділігін арттыруға дайын; жоғары жетістіктер жолында қызмет барысында жеке тұлғалық шығармашылық потенциалын өзбетті жүзеге асыра біледі, акмеология және шығармашылық психология саласындағы білімді меңгерген, сыни ойлауға және өзін-өзі талдауға қабілетті.
ҚҚ 8. Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік: білім беру мекемесі шешетін міндеттер негізінде психологиялық контекстті бөле білу, жалпы міндеттер шеңберінде психологиялық міндеттерді анықтау, қажетті ақпаратты алу және талдау, практикалық бағыты бар жалпы тұжырымдар қалыптастыру; психодиагностикалық міндеттерді шеше білу, білім беру процесіне қатысушылардың сұраныстарына сәйкес жеке және топтық психологиялық кеңес беру, түзету және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру, балалардың дамуындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды саралай білу, оларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын ескере отырып, әртүрлі мекемелерде психологиялық-педагогикалық жұмыс жоспарын құру.
|