7M01101 Педагогика және психология

1

БББ атауы

7M01101 Педагогика және психология

2

Дайындық бағыты

7M011 Педагогика және психология

3

Мақсаты

Психологиялық-педагогикалық білім беру саласында терең, фундаменталды және кәсіби дайындықты талап ететін қызметке дайындау, білім беру жүйесі, білім беру ортасы мен білім сапасын бағалау тәсілдері туралы қазіргі заманғы гуманистік түсініктерді қалыптастыру, сондай - ақ магистранттардың бойында кәсіби қызметте заманауи психологиялық - педагогикалық және ғылыми-зерттеу әдістері мен әдістемелерін қолдану дағдыларын дамыту.

4

Қалыптасатын құзыреттер және оқыту нәтижелері:

НҚ 1.  Дидактикалық құзыреттіліктер

- Негізгі нормативтік құжаттарды, білім саласындағы ұйымдастыру және басқаруды білу.

- Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясын оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін білу және оны зерттеу әдістерін түсіну.

- Педагогика және психология материалында ғылыми-әдіснамалық тұжырымдарды құру қабілеті.

- Психологиялық құбылыстарды түсіндіруде және педагогикалық заңдылықтарды белгілеуде дидактикалық әдісті шығармашылық қолдану тәжірибесі, білім алушылардың ғылыми көзқарастары жүйесін мақсатты және жоспарлы қалыптастыру тәжірибесі.

- Қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес қолданбалы әдістер мен технологияларды сауатты пайдалану.

 

НҚ 2. Ғылыми-зерттеу құзыреті

- Базалық психологиялық-педагогикалық ақпаратты түсіну, сыни талдау және пайдалану қабілетін меңгеру.

- Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдістері мен әдіснамасын меңгеру.

- Жүргізілген зерттеулер тақырыбы бойынша шолу, аннотация, реферат және библиография жасау қабілетін меңгеру.

-Педагогика және психология саласындағы білімді, ақпаратты басқару дағдылары мен дағдыларын білу, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтездеу негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлексияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін үнемі жетілдіруге ұмтылу.

- Магистрлік диссертация түрінде эксперименталды-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін жалпылау.

НҚ 3.Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктер

- Зерттеуді өз бетінше орындау, заманауи техникалық құралдарды пайдалану қабілеті.

- Коммуникативтік қабілеттер, жобаларды басқару, проблемаларды шешу және командада тиімді жұмыс істей білу сияқты басқару дағдылары мен қабілеттерін көрсету қабілеті.

- Кәсіби салада коммуникативтік актілерді жүзеге асыру кезінде ақпаратты алу, сақтау, өңдеу, түсіндіру және трансляциялау, ақпараттық өзара іс-қимылдың негізгі тәсілдері мен құралдарын меңгеру.

- Кәсіби қызмет саласында заманауи ақпараттық және компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану қабілеті.

- Өз ойларын еркін және дұрыс баяндау, сондай-ақ ғылыми мақалаларды, техникалық мәтіндерді және құжаттаманы үш тілде аудару қабілеті

- Конструктивті диалог құру қабілеті, көпмәдениетті, полиэтикалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасау, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу.

НҚ 4. Кәсіби құзыреттер

- Педагогика және психология мәселелерін шешу және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша теориялық және практикалық дағдысы болуы.

- Магистрлік диссертация мәселесі бойынша жоғары білім мен дағды болу.

- Психологиялық-педагогикалық құбылыстарды жобалау және болжау іскерліктерін меңгеру.

- Өз оқуы үшін жауапкершілікті өзіне алуға қабілетті болу.

- Өзін-өзі оқыту, жүйелі ойлау, транс дисциплинарлық және кроссфункционалдылық сияқты мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттерін меңгеру.

- Шешендік өнерді, ауызша және жазбаша түрде педагогикалық сөйлеуді дұрыс және логикалық рәсімдеуді білу.

НҚ 5. Ұйымдастыру-басқару құзыреті

- Тұжырымдамаларды құру әдіснамасын стратегияларды, қызметтік модельдерді құру және қызметкерлердің өзара іс-қимылы туралы, міндеттер мен проблемаларды қою және жүйелі шешу тәсілдері туралы білімді практикада қолдана білу.

- Инновациялық тәсілдерді, тұжырымдамалар мен қызмет стратегияларын құру әдістерін қолдана отырып мәселелерді зерттеу және проблемаларды шешу мүмкіндігіне ие болу.

- Құрылымдарды дамыту және қызмет ету стратегиясын құруды, оны жүзеге асыру жағдайларын ұйымдастыруды, нәтижеге қол жеткізу үшін жауапкершілікті көздейтін басқарушылық қызметті жүзеге асыра білу.

-Бастамашылық көрсету және мәселелерді ұйымдастыру-басқару шешімдерін табу қабілеті.

-Адамдармен жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істей білу, олардың арасында міндеттерді бөлу, қызметтік тапсырмалардың орындалу барысын үйлестіру және бақылау, ұжымда қолайлы микроклиматты ұстау.

- Жұмыста қызметтің стратегиялық, жобалық және әдістемелік аспектілерін пайдалану, менеджмент және маркетинг құралдарын қолдану, инновациялық шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

НҚ 6. Ұйымдастыру-әдістемелік құзыреттер

- Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттарды, оқу-нұсқаулық құжаттарды, ағымдағы оқу-ұйымдастыру құжаттарын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) әзірлеу, ұйымдастырушылық қабілеттерді меңгеру, жоғары орындаушылық тәртіпті көрсету.

- Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу.

НҚ 7.  Дамыту құзыреттілігі

- Қазіргі педагогика мен психология саласындағы білімді меңгеру.

- Кәсіби дамудың маңыздылығын бағалау, жоғары кәсіби педагогтер мен психологтардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау, тарату және қолдану, психологиялық-педагогикалық қызметке жоғары мотивацияға ие болу, өздігінен білім алу мен өзін-өзі тануға ұмтылу.

-Әлеуметтік маңызы бар құбылыстарды, оқиғаларды, процестерді талдау және бағалау; сандық талдау мен модельдеудің, теориялық және эксперименталды зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру.

- Педагогика және психология саласында өзін-өзі жүзеге асыруға дайын, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, психологиялық білімді тұлғаның қалыптасуы мен дамуының маңыздылығын бағалау.

5

Оқыту тілі

орыс, қазақ

6

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

7

Оқыту нәтижелері

ON1. Педагогика мен психология саласында  озық білімге негізделген білім мен түсініктерді көрсету.

ON2. Теориялық білімді кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдерді тұжырымдау, оқылатын саланың мәселелерін түсіну және шешу;

ON3. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пікірлерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру;

ON4. Білім беруді дербес жалғастыру үшін оқыту дағдыларын меңгерту;

ON5. Кәсіби міндеттерді шешу кезінде қарым-қатынас құру үшін қажетті дамыған коммуникациялық қабілеттерді игеру;

ON6. Алған дағдыларды кәсіби қызметте қолдану;

ON7. Алған білім, білік дағдылары негізінде кәсіби жағдайларды бағалап шешім қабылдайды;

ON8. Кәсіби міндеттерді шешу кезінде Құзыретті пайымдауларының болуы.

ON9. Өз ойлары мен білімдерін 3 тілде түсінеді және еркін баяндайды.

8

Аккредиттеу

БСН: 000340002393

Мемлекеттік лицензия: 25.06.2020 ж. № KZ33LAA00018425

Куәліктің жарамдылық мерзімі:

27.05.2021 ж. - 26.05.2026 ж.

Берілген күні: 27.05.2021 ж.

Тіркеу нөмері: АВ 3366

9

Рейтинг