2020 жылдың желтоқсан айында №27 М.Мәметова атындағы мектеп-лицейіне ,№ 19 ЖОББМ,№40 ЖОББМ мектептеріне бекітілген оқытушы магистр С.Н Есенова кәсіби бағдар беру жұмысын “Мамандық таңдау-маңызды іс”атты онлайн конференциясын Маркетинг және кәсіби бағдар беру орталығының әдіскері Гаухар Болатқызымен ұйымдастырды. БҚУ туралы жалпы мәлімет беріп, талапкерлерге емтихан тапсыру, оқуға құжаттар қабылдау талаптарын, жеңілдіктері мен оқу мүмкіндіктерін толыққанды таныстырып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, талапкерлердің сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://pedfac.wku.edu.kz/kk/professionalnaya-orientatsiya/proforientatsiya-2/353-k-sibi-ba-dar-zh-mysy-2020-2021-o-u-zhyly#sigFreeId3ca3a966bd
Мектепке дейінгі және бастаушта білім беру кафедрасының аға-оқытушысы Л. М.Маденова кәсіби бағдар беру онлайн-конференциясын 2021 жылдың наурыз айында №19 ЖОББМ мектебімен ұйымдастырды. Оқушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді.
2021 жылдың сәуір айында С.Ф.Баюканская мен Л.А. Федорченко ұйымдастыруымен қаламыздың №3 ЖОББМ мектебіне онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Университет туралы жан-жақты мәлімет берілді, Оқушыларға университет жайында брошюралар көрсетілді.
2021 жылдың сәуір айында Л.М.Маденова Ақжайық ауданы,Тайпақ ауылының ЖОББМ мектебіне кәсіби бағдар беру мақсатында онлайн-конференция өткізді. Түлектер БҚУ туралы,университет факультеттері мен мамандықтарының ерекшеліктері туралы ақпарат алды.Түлектердің сұрақтарына жауап берілді.