10.11.21ж күні Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары,магистр Б.Е.Ерболатқызымен Ж.Ж.Нәбиева А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ-не 11 сынып кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру, кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу болды. Оқушыларға білім ордасының тарихы, жеткен жетістіктері, мамандық таңдауға қойылатын талаптар, құжаттарды қабылдау мерзімі, қажетті құжаттар туралы айтылды. Түлектерге арналған сауалнама өткізілді. Сауалнамада жоғары оқу орнын қандай себеппен таңдадыңыз? деген сауалда оқытудың жоғары сапасы, бұқаралық ақпарат құралдары жарнамасынан нұсқаларын таңдағандығы байқалады.Оқушылар тарапынан педагогикалық мамандықтарды таңдауда қызығушылықтар байқалды.Соңында анықтамалық қағаздар үлестірілді.