Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіби-бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде Хиуаз Доспанов атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінің кәсіби-бағдар беру оффлайн форматта жүргізілді. Шараға 11 «а», «б», «в» сынып оқушылары, оқу ісі жөніндегі орынбасары Өркен Ізімқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өміргүл Тельманқызы және сынып жетекшілері қатысты.
Сынып жетекшісі 11 сынып бітіруші саны 68 оқушы бітіретінін және көп оқушылар жаратылыстану бағыты бойынша бейіндік пәндер таңдап отырғанын айтып өтті.
Алдымен кездесуді Филиология факультетінің доценті, қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Ж.Ж. Шайекенов, Мектепке дейінгі жəне бастауышта білім беру кафедрасының оқытушысы С.Н.Есенова, Информатика кафедрасының оқытушы, магистрі Б.С. Насырова және Құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ұ.Қ. Құмарова сөз алып оқушыларға 90 жыл тарихы бар кәсіби білім беретін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің тарихына тоқталып, қазіргі университеттегі білім беру бағыттары мен мамандықтар туралы баяндады. Қосарланған мамандық бойынша оқу жағдайы жөнінде жақсы мағлұмат берді.
Жалпы ҰБТ өзгерістерін оқушыларға егжей-тегжей түсіндіріп берді. Оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Оның ішінде ҰБТ қандай форматта өтетіні, таңдау пәнінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылықтан 5 сұраққа қысқартылатыны, ол 5 сұрақ таңдау пәндеріне қосылатыны айқын айтылды. Бейіндік пәндерден 5 баллдан төмен жинамау керектігі түсіндірілді.
Оқушылар физика-математика, химия-биология, география-математика пәндерін таңдап отыр. Анкета толтыру барысында 47 анкета толтырылды. Оның ішінде биология-химия, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері, дүниежүзі тарихы-география, қазақ-қазақ әдебиет, шет тілі-дүниежүзілік тарихы, шығармашылық емтихан да таңдалып отыр. Оқушылардың басым көпшілігі таңдау пәнін анықтағанымен, мамандық таңдауда әлі нақты шешім қабылдамағандарын ашық білдірді. Биология-химия 20 оқушы, дүниежүзі тарихы-құқық негіздері 5 оқушы, шығармашылық емтихан 3 оқушы, дүниежүзі тарихы-география 2, математика-география 2 оқушы, қазақ тілі және қазақ әдеьиеті 3 оқушы, шет тілі – дүниежүзі тарихы 3, математика-физика 8 оушы, математика-география 1 оқушы таңдап отыр.
Кездесу соңында, оқушылар мен пән мұғалімдері қажетті ақпарат алғандығын айтып, университет өкілдеріне алғыс білдірді. Кездесу сәтті өтті.
Кәсіби-бағдар беру жұмысын жүргізген
оқытушы, магистр С.Н. Есенова