Доцент, профессор
Жалпы еңбек өтілі: 66 жыл
Өмірбаян
Кұбашев Темірболат 1939 жылы 2 қаңтарда БҚО Сырым ауданында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен алғашқылардын бірі боп (1958ж) комсомолдық жолдамамен Челябі қаласындағы металлургия зауытының жанындағы №2 техникалық училищені бітіріп Қазақстан Магниткасы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс жасаған.
Қазақстан магниткасында үш жыл жұмыс істеп 1962 жылы Алматыдағы дене шынықтыру институтында оқуға түскен. 1966 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша институтты бітіріп Атырау қаласында 1970 жылға дейін жұмыс істеді.
Соңғы отыз жылда Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор лауазымында қызмет етіп келеді.
Темірболат Құбашев 2009-2012 жылдар аралығында Қала әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болды. 2006-2010 жылдары Республикалық «Ақ Орда» коғамдық бірлестігінің Батыс
Қазақстан филиалының атқарушы директоры қызметін абыроймен атқарды. 1998-2004 жылдары облыстық туризм және спорт кешенінде басшылық кызметінде болған кезінде
облысымыздың спортын әлемге танытып жүрген бірқатар саңлақтардың шығуына қомақты үлес қосты. 1991-1995 жылдары кафедра меңгерушісі болды.
Құбашев Темірболат университетте,облыста бокс спортының негізін қалап жетекшілік жасады және осы спорт түрінің жастар арасында кеңінен таралуына көп еңбек сіңірді. Өз ісін жаксы білетін қажырлы еңбегінің нәтижесінде бокспен жаттығып жүрген спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғарғы табыстарға қол жеткізіп өлкемізде осы спорттың мәртебесін асыруға өз септігін тигізіп келеді.
Құбашев Темірболат әр түлектің бойындағы жетістікте, ұлт үрпағын баулу жолындағы ағарту ісіндегі аса жауапты да сан қилы күрделі жұмыстарда біліктілік,
ұйымдастырушылық жоғарғы адамгершіліктің үлгісін көрсетіп жүрген республиканың кұрметіне бөленген азамат.