Өмірбаян
Мен, Бахтиярова Саягул Жаксыбаевна, 1986 жылы 15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылында дүниеге келдім.
2003 жылы Маштексай ауылындағы С. Меңдешов атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түстім. 2007 жылы аталған жоғары оқу орнын үздік аяқтадым.
2007 жылы 6N0108 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратураға оқуға түсіп, ғылыми-педагогикалық бағытта білімімді жалғастырдым. Еңбек жолымды осы жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжінде оқытушы қызметінен бастадым.
2010–2017 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасында оқытушы, кейін аға оқытушы қызметтерін атқардым.
2017 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының 6D010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізіндегі докторантурасына оқуға түсіп, оқу барысында аталған академияның «Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері» кафедрасында аға оқытушы қызметін қатар атқардым.
2023 жылы Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы диссертациялық кеңесте докторлық диссертациямды сәтті қорғап, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 05.06.2023 жылғы №258 бұйрығымен 6D010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.
2019–2024 жылдар аралығында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде педагогикалық және ғылыми қызмет атқардым.
2024 жылдың ақпан айынан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Педагогика факультетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы, PhD докторы ретінде қызмет атқарып келемін. Қазіргі уақытта аталған білім беру бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарамын.
Ғылыми-педагогикалық қызметім барысында 40-тан астам ғылыми еңбектің авторымын. Соңғы бес жылда 31 ғылыми жұмыс жарияланды, оның ішінде ҚР ҒЖБМ ұсынған басылымдарда, сондай-ақ Scopus және Web of Science деректер базасына кіретін халықаралық журналдарда мақалаларым жарық көрді. Scopus базасы бойынша h-индексім – 3.
2020 жылы «Олимпиадалық білім» атты оқу құралыма авторлық құқық объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алдым (№10594).
Ғылыми жобалар аясында 2025–2027 және 2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурстарына ұсынылған жобаларға жетекшілік етудемін.
Кәсіби біліктілігімді арттыру мақсатында халықаралық деңгейде біліктілік арттыру курстарынан өттім, соның ішінде Финляндияның Хяме қолданбалы ғылымдар университеті үйлестірген бағдарламаларға қатыстым. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы аясында тренер ретінде педагогтардың біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқимын.
Ғылыми жетістіктерім үшін «Үздік жас ғалым – 2023» халықаралық конкурсының ІІ дәрежелі дипломымен марапатталдым. Сонымен қатар білім және ғылым саласын дамытуға қосқан үлесім үшін ҚР министрлігі тарапынан Алғыс хаттарға ие болдым.
Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда тұрақты түрде баяндама жасап, ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасып келемін.
Ғылыми еңбектері
Отандық мерзімді басылымдардағы жарияланымдар тізімі*:
- Бахтиярова С.Ж. Жас спортшыларды олимпизм идеалдарымен тәрбиелеу// Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. –2019. – №2(56). – Б. 65 – 68.
- Бахтиярова С.Ж. Олимпиада ойындарының рәміздері олимпиадалық білімнің маңызды бағыттарының бірі // БҚМУ «Хабаршысы». – 2019. –№3(75). – Б. 168 – 175.
- Бахтиярова С.Ж., Жигитбекова Б.Д. Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудағы олимпиадалық білім беру формалары // ҚазҰПУ «Хабаршысы». – 2019. – №2(59). – Б. 227 – 232.
- Бахтиярова С.Ж., Айтенова Э.А., Абдрахманов И.С. Олимпиадалық білім берудің рөлі мен маңыздылығы //ҚазҰПУ «Хабаршысы». – 2019. – №4(64). – Б. 110 – 115.
- Бахтиярова С.Ж., Андрущишин И.Ф. Олимпийское образование в подготовке специалистов в области физической культуры и спорта // Теория и методика физической культуры. – 2019. – №3(57). – С. 11–15.
- Бахтиярова С.Ж., Андрущишин И.Ф., Федоров А.И., Ниязакынов Е.Б.Олимпийское образование: взгляд специалистов //Теория и методика физической культуры. – 2020. – №3(61). – С. 6 – 12.
- Бахтиярова С.Ж., Испулова Р.Н., Байтлесова Н.К., Дингуатов К.Т. Дзюдоның заманауи күресіндегі спорттық іріктеу мен жетістіктердің даму тенденциялары// Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – Алматы, - 2021. - №4(66). - Б. 13-18.
- Бахтиярова С.Ж., Айтенова Э.А., Сматова К.Б., Жаксылыков Е.Х. Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлауда олимпиадалық білім беруді ұйымдастыру жүйесі // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. – 2022. – №1(67). – Б. 30-36. DOI: 10.48114/2306-5540_2022_1_30
- Бахтиярова С.Ж., Джакупова А.Г., Рахметжанов А.С., Булакбаева М.К Олимпиадалық білімнің тәрбиелік құндылығы //БҚУ Хабаршысы. – 2022. – №1(85). – Б. 32–37. DOI 10.37238/1680-0761.2022.85(1).60
- Болат Н., Бахтиярова С.Ж. Испулова Р., Жаксылыков Е., Жалел А. Баскетбол ойыншылары үшін биік секіруге әсер ететін жаттығулар түрлерін түрлі жастағы оқушыларды негізге ала отырып зерттеу // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі - №3(77). - 2024. -Алматы, - 73-81 бб.
- Бобырева М.М., Колдасбаева Б.Д.,Бақытұлы Б., Бахтиярова С.Ж., Байтлесова Н.К. Командный спорт как инструмент формирования Коммуникативной компетентности у будущих врачей // Теория и методика физической культуры. – №2(80). – 2025. -Алматы, – С. 58–66.
- Копжанов Г.Б. Ермаханов Б.Ө., Искакова Л.М., Бахтиярова С.Ж., Куанышбаев Б.Ж. ЖОО студенттерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы WHOQOL-BREF (Kaz) шкаласы көрсеткіштерін талдау // Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі - №3 (81). -2025. -Алматы, - 34-44 бб.
Шетелдік мерзімді басылымдардағы жарияланымдар тізімі*:
- Bakhtiyarova Sayagul, Murzakhmetov Yerbol, Kashkynbai Kanat, Sundetov Mirlan, Kuderiyev Zhanibek Kalbekovich. Olympic education as one of the priority areas of physical education and sports specialists // Journal of Physical Education and Sport. – 2020. – Vol. 20, Iss.1. – P. 273-279. SCOPUS, физиотерапия, спорттық терапия және реабилитация бойынша процентиль – 55. DOI: 10.7752/ jpes.2020. 01037
- Bakhtiyarova Sayagul, Ali Zhalel, Nurbagi Sagidolla, Baitlessov Nursulu, Yergaliyev Askarbek. The role of discipline "Olympic Education" in Training Specialists of "Physical Culture and Sport" in Kazakhstan // Cypriot Journal of Educational Sciences. – 2021. – Vol. 16, Iss. 6. – P. 3196-3212.DOI.org/10.18844/cjes.v16i6.6536
- Kairgozhin, D., Kuzembayeva, G. ., Maydangalieva, Z. ., Bakhtiyarova, S. ., & Mugauina, G. Pedagogical conditions for the development of cognitive independence in physical education lessons. Journal of Education and E-Learning Research. 2023. 10(3), 539–547. https://doi.org/10.20448/jeelr.v10i3.4952
- Izhanov Zh., Seisenbekov Y., Marchibayeva U., Yessirkepov Zh., Bakhtiyarova, S. Yermakhanov B., Ryskaliyev S., Kurtoğlu A. Aldhahi M. Position prediction from performance and anthropometric indicators in young footballers: a machine learning approach // Scientific Reports Vol. 16. – 2026. London, Article № 6766
- Bagila Koldasbayeva, Abdykalyk Abdillayev, Sayagul Bakhtiyarova, Baglan Yermakhanov, Tyutebayev Bakhytzhan International Journal of Advances in Sport Management Vol., 5 (1), 9-16, 2025 ISSN: 2547-9830 Impact of Zumba Training on Body Composition and Physical Finesses Parameter of Obese Adolescents // Journal Home Page: www.ijasmjournal.com DOI: 10.61186/ijasm.5.1.9
Халықаралық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар тізімі*:
- Бахтиярова С.Ж. Ежелгі Олимпиада ойындарының грек өркениетінің дамуына әсері// IX Халық. ғылыми конф. «Университеттік спорт: денсаулық және ұлттың өркендеуі»: мат. – Алматы, 2019. – Б. 12–17.
- Испулова Р.Н., Бахтиярова С.Ж. Современные состояние подготовки специалистов по физической культуре и спорту в Республике Казахстан // Всерос. науч. практ. конф. «Физическая культура: современные тенденции, актуальные проблемы и перспективы развития»: мат. – Самара, 2019. –С. 74–79.
- Бахтиярова С.Ж. Дене шынықтыру және спорт мамандарын дайындауда олимпиадалық білім беру негізі// Респуб. ғылыми- тәжіриб. конф. «Білім беру, дене мәдениеті және спорттағы инновациялар»: мат. – Алматы, 2019. – Б. 187–190.
- Андрущишин И.Ф., Бахтиярова С.Ж. Cтудент жастардың олимпиадалық мәдениеті// Халық. ғылыми – прак. конф. «Студенттік спортты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің проблемалары»: мат. – Ақтөбе, 2019. –Б. 12–15.
- Бахтиярова С.Ж., Мырзагереева И.А.Тұлғаның олимпиадалық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі міндеттері мен құрылымы // Халық. ғылыми – прак. конф. «Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация»: мат. – Алматы, 2020. – Б. 84–88.
- Бахтиярова С.Ж., Жалел А. Олимпиадалық білім берудің әлемдік тәжірибесі// VІ Халық. ғылыми –прак. онлайн конф. «Дене мәдениетін және спортты дамытудың заманауи мәселелері»: мат. – Ақтөбе, 2021. – Б. 75–81.
- Бахтиярова С.Ж., Ойлыбаева Л.Н. Қазақстан Республикасындағы жастарға олимпиадалық білім беру мәселелері// Халық. ғылыми конф. «Қазіргі ғылым: жаңа тәсілдер мен өзекті зерттеулер»: мат. – Алматы, 2021. – Б. 117–121.
- Бахтиярова С.Ж., Досжанова М.Қ., Байтлесова Н.К. Волейболдағы ғылыми зерттеулердің жай-күйі, мәселелері және перспективалық бағыттары // «Инновациялық зерттеулердің тиімділігін Арттырудың модельдері мен әдістері» халықаралық ғылыми к. мат. жинағы. – Қарағанды, 2021. - Б. 154-160.
- Бахтиярова С.Ж., Газизов Н.Б. Грек-рим стиліндегі жас спортшылардың жаттығу процесінің басым бағыттары //«Инновациялық зерттеулердің тиімділігін арттырудың модельдері мен әдістері» халықаралық ғылыми конф. мат. жинағы. – Қарағанды, - 2021. - Б. 154-160.
- Халимеденов Ж.А., Бахтиярова С.Ж. Жас футболшылардың дене қасиеттері және олардың дамуы // Proceedings of the 9th International Scientific Conference «European Research Materials» №9 Amsterdam, Netherlands, 9-10.04. 2025. Р. 128-136.
- Шынболатова З.Ә., Бахтиярова С.Ж. Пауэрлифтингтегі күштік дайындықтың спорттық маңызы // Publisher.agency: Proceedings of the 9th International Scientific Conference «Academics and Science Reviews Materials» №8 13- 14.03. 2025. Helsinki, Finland, - 2025. -P. 37-42.
- Даулетбаев Е.М., Бахтиярова С.Ж. Жоғары жетістіктер спортындағы боксшыларды арнайы даярлау әдістемесі // Publisher.agency: Proceedings of the 9th International Scientific Conference «Progress in Science» №9 17-18.04. 2025 Brussels, Belgium, P.
Оқулықтың немесе оқу құралының атауы*:
- Бахтиярова С.Ж.Олимпиадалық білім (Оқу құралы) Баспа Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2020. -243 б. ISBN 978-601-266-476-8
Авторлық құқық объектісіне куәлiк Авторлық құқық объектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк 05.06.2020 ж., № 10594.
Біліктілікті арттыру
1. «Менеджмент в образовании» тақырыбы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Менеджмент және бизнес-білім беру» орталығы ұйымдастырған Алматы қаласы, 2024 жылғы 14 қазан – 26 қазан аралығында 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру онлайн-курсын өтті. Сертификат №005/24.
2. «Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру» бағдарламасы аясында (дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері мен қазіргі жағдайы бағыттары бойынша) Алматы қаласы, 2024 жылғы 14 қазан – 24 қазан аралығында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті. Тіркеу №001769.
3. «Инклюзивті білім беру жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №95 бұйрығына сәйкес Біліктілікті арттырудың Қазақстандық өңіраралық орталығы ұйымдастырған 2025 жылғы 16 маусым – 27 маусым аралығында 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті. Тіркеу №225082.
4. «Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру» бағдарламасы аясында (дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігі мен имиджі, олимпиадалық білім беру технологиялары және спортты оқыту әдістемесі бағыттары бойынша) Алматы қаласы, 2025 жылғы 16 маусым – 27 маусым аралығында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы. Тіркеу №004206