Кәсіптік бағдар

Кафедра филиалдары

2021-2022 оқу жылының 1 жарты жылдығындағы ПиП кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысы туралы жоспары

Кәсіби бағдар беру жоспары 2021-2022жж

2019-2020 оқу жылының  қыркүйек айында кафедра филиалдарымен жұмыс жасауға арналған жұмыс жоспары, облыс, қала мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмысының іс сапар тізімі ПОқ қатысуымен келісе отырып құрастырылды. Кафедра филиалдардағы  ұйымдастырылатын шаралардың формалары мен әдістері анықталып, орындайтын жауапты оқытушылар белгіленді. Кафедраның филиалдарымен жұмыс жоспары кафедра отырысында және факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.   

14 қазан күні кафедра оқытушылары А.Т. Даулетова, Б.Н. Тулегенова Хиуаз Доспанова атындағы № 30 ЖОББ мектеп 9-10 сыныптарына «Кәсіби бағдар беру болашақты инвестициялау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылармен мамандық түрлеріне шолу жасай отырып, әр мамандықтың қыр-сырларын талқылап, өз таңдаған мамандығының таңдау себебін ортаға салу, бітіруші түлектерге  кафедраның дайындайтын мамандықтары туралы мағлұмат берілді. Алдағы уақытта  осы оқушылармен жұмыстану жоспарлануда.

f1.jpg - 116.36 kB

11.10.2019 ж. кафедра доценті Молдагалиев Б.А. Орал қаласының №4, №39 ЖОББМ барып үгіт насихат жұмысын жүргізді. Кафедра  дайындайтын мамандықтардың қазіргі таңдағы сұранысқа ие болып отырғандығы, біздің түлектеріміздің еңбек нарығында  жұмысқа орналасуы туралы  мәлімет берді.

18.10.2019 ж. кафедра доценті Молдагалиев Б.А. Орал қаласының №39 ЖОББМ барып үгіт насихат жұмысын жүргізді. Кафедра  дайындайтын мамандықтардың қазіргі таңдағы сұранысқа ие болып отырғандығы, біздің түлектеріміздің еңбек нарығында  жұмысқа орналасуы туралы  мәлімет берді.

06.11.2019 ж. кафедра аға оқытушысы Калаханова С.Б. Орал қаласының №20 ЖОББМ бітіруші түлектеріне кәсіби бағдар жұмысын,

f2.jpg - 147.21 kB

Оқушылардың тарапынан түскен сұрақтарды жалпы төмендегідей жіктеуге болады: мамандықтар бойынша грантқа өту балының мөлшері, ақылы оқудың оқу ақысы, конкурсқа қатысу ерекшеліктері,  құжаттарды қабылдау мерзімі мен қажетті құжаттар, шығармашылық емтихандар қалай жүргізілетіні және қай уақытта болатындығын қандай құжаттар тапсыру.

2020 жылдың наурыз айынан бастап мектеп оқушыларының қашықтықтан оқуға ауысуына байланысты, мектептегі болашақ түлектермен кездесу әдеттегі кәсіптік бағдар беру жұмысы енді мүмкін болмады.

Бұл мәселе заманауи шешімді талап ететінін түсіне отырып, кафедра оқытушылары онлайн-кездесулер zoom.us, WhatsApp, инстарграмма және электронды пошта арқылы өткізді, мұндай онлайн іс-шаралардың басты мақсаты-болашақ студенттерге университет туралы барынша пайдалы және шынайы ақпарат беру. Қойылған сұрақтар оқуға түсу шарттары, оқу бағыттары, жатақханаларда тұрудың шарты, оқу құны, университеттерде қандай білім беру бағдарламалары, оқуға түсу үшін қанша өту баллдары қажет, мемлекеттік гранттар мен олардың саны, құжаттарды тапсыру шарттары мен мерзімдері, қандай жеңілдіктер мен жеңілдіктер ұсынылады-жалпы, талапкерлерге өз таңдауын оңай жасау үшін не қажет екені баяндалды.

f3.png - 204.49 kBf4.png - 124.66 kB

Сәуір айында кафедра оқытушылары А.Ж Кенжегалиева, С.Б. Калаханова  Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ мен №47 мектеп түлектеріне және ата-аналарға биология-география бағыты бойынша мамандықтың түрі, ерекшелігі, маңызы туралы түсінік, мамандыққа қойылатын талаптар, жұмыс жасау бағыты туралы кеңес берілді.

f5.jpg - 120.87 kBf6.jpg - 108.97 kBf7.jpg - 100.49 kB  

Кафедра оқытушылары кәсіби бағдар беру және  мамандық таңдаудағы онлайн кеңес беру жұмыстарын әрі қарай жүргізуді жоспарлауда және келесі мәселелерді көздеуде:

  • us, WhatsApp, инстарграмма және электронды пошта арқылы ата-аналар мен оқушыларға БҚМУ тарихы мен жетістіктері туралы толықтай мәлімет алуын қамтамасыз ету;
  • мамандық тандау жөнінде мектеп түлектерінің өзіндік ой - пікірлерін қалыптастыруға ықпал ету;
  • бейне роликтерді және жарнамалық ақпарат мәліметтерін тиімді қолдану;
  • мектеп оқушыларының тізімдерін алу, байланыс телефондарын орнату т.б. іс – шараларды жүзеге асыру;