Практика

СПС бойынша практика акпарат

Өндірістік сараман қорытынды есебі 20-21жж

Өндірістік сараман қорытынды есебі 21-22жж

Педагогикалық практика есебі 20-21жж

«Педагогика және психология» кафедрасы бойынша 2021-2022 оқу жылындағы бітіруші курс 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының  ПиП-41, ПиП-43 (қ/б), ПиП-42 (о/б) топтары және 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» 4 курс Спс-41 (қ/б), Спс-42 (о/б) топтары студенттері оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес 24.01.22-09.04.22 ж. уақыт аралығында мектептерге педагогикалық сараманынан және 11.04.2022-30.04.2022 ж. педагогика және психология кафедрасынан дипломалды сараманынан жіберілді. Сараман алдында студенттерге ұйымдастыру конференциясы оздырылып, сараман мақсат міндеттері, жүру барысы, есеп құжаттары таныстырылды.

6В01101 «Педагогика және психология» мамандығының 3курс (жедел) Пип/у-35(қ/б), Пип/у-34 (о/б) топтары және 6В01101 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» Спс/у-33 (қ/б) топтары студенттері 07.03.22-16.04.22ж. уақыт аралығында мектептерге педагогикалық сараманнан және 18.04.2022-07.05.2022ж. педагогика және психология кафедрасынан дипломалды сараманнан өтті.

5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының 4курс ПиП-41, ПиП-43 (қ/б), ПиП-42 (о/б) топтары және 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» 4 курс Спс-41 (қ/б), Спс-42 (о/б) топтары студенттері Ж.Досмұхамедов ат. жоғары педагогикалық колледж, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты, БҚО көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, № 9, 17, 39, 41, 47, 50 ЖББОМ, БҚО Қаратөбе ауданы «Алакөл негізгі орта мектебі» КММ-де сараманнан өткен бағдарламаға сай құжаттарын тапсырып, есептерін таныстырды.

Өндірістік сараманның мақсаты - оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын бекіту, практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрету, нақты өндірісте бакалаврдың кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысу және өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселеллерін анықтап оларды өндірістік жағдайда шешу іскерлігін қалыптастыру болды. Сараман барысында студенттердің алдына қойылған міндеттерді орындау мүмкіндіктерін анықтау мақсатында практика базасымен таныстыру, практика басшысымен байланыс орнату жұмыстары жүргізіліп, студенттерге қауіпсіздік және тәжірибе базасында қолданылатын ішкі тәртіп ережелері туралы нұсқаулық өткізілді.  Сараман барысында студенттерге жеке тапсырманы орындау мәселелері бойынша кеңес беру, қорытынды есеп жазу, студенттерге сараман материалдарын жинақтауда әдістемелік көмек көрсету, талдау және бағалау жұмыстары да жүргізілді.

6В01101 «Педагогика және психология»  (ПИП/у-35, ПИП/у-34 топтары), 6В01101 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  (СПС/у-33 топ) білім беру бағдарламасының 3 курс жеделтілген студенттері 07.03.22-16.04.22ж. уақыт аралығында кәсіби сараманнан өтуге жіберілді. Студенттер № 17, 21, 45 ЖББОМ, Ақтөбе қаласы «Кемел-білім» мектеп интернаты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы  Байғанин орта мектебінен сараманнан өткен есепқұжаттарын тапсырды.

Күндізгі қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, қысқартылған оқу түрі 6B01101 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс (ПиП-22(2) топ), 3 курс  (ПиП-31(3), ПиП-32(3) топтары), 6В01801 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 2 курс (СПС-23(2)  топ), 3 курс (СПС-32(3), СПС-32(3) топтары) студенттері 07.03.22-16.04.22ж. уақыт аралығында мектептерге педагогикалық сараманнан өтуге жіберілді. Студенттер сұраныстары бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» автономды білім беру ұйымы халықаралық мектебі  жанындағы балабақшаға, БҚО Бөрлі ауданы  №4 ЖББОМ, БҚО Теректі ауданы Подстепное ауылы №1 ЖББОМ, Орал қаласы,  «LauRus» бөбекжай гимназиясында, «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Дарьян арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ, Орал қаласы,  № 9 ЖББОМ, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,  № 1 ЖББОМ, Орал қаласы,  № 2 «Шағала» бөбекжайы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала  бақшасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Томарлы селосы, жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп т.б. сараманнан өтті.

Сараман қорытындысы бойынша студенттер құжаттарын мерзімінде тапсырды, құжаттар талапқа сай жасақталған, студенттер тарапынан ешқандай кемшіліктер байқалған жоқ.

Барлық курстар бойынша өндірістік сараман қорытындысы мекеме психологының, әлеуметтік педагогының, сынып жетекшісінің берген мінездемесі мен бағалауы және студенттің басқа да есеп құжаттарынегізінде бағаланды. Сараман барысында әдістемелік көмек көрсетіп, студенттерді бағыттап отырған кафедра оқытушылары Н.У.Кулдашева, Э.К.Абдираимова, Н.Е.Муканова, С.Б.Калаханова, Ж.С.Исмагулова сараман аяқталғаннан кейін студенттердің есеп құжаттарын тексеріп, тиісінше бағалады.


28.01.2019-16.02.2019ж.ж аралығында «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттері әлеуметтік педагогикалық сараманнан өтті.Студенттер қаламыздағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, Облыстық есту жəне сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернат кешені, педагогикалық сараманнан өтті. Әдіскер ретінде Байгалиева Ж.Г., Калаханова С. Б., Кулдашева Н.У. бекітілді.

Даярлық кезінде машықкерлер мен әдіскерлердің қатысуымен қорытынды конференциясы жүргізілді. Сараман аяқталғаннан кейін студенттер өз әдіскерлеріне практика бойынша құжаттарын тапсырып, әдіскерлер қорытындысын шығарды.

Әрбір мектептен бір студент шығып, сараманның өту барысы бойынша есеп берді. Есеп беру барысында сараман барысында жүргізген психодиагностикалық әдістемелер, психокоррекциялық жұмыстар және тәрбие сағаттарының түрлерімен таныстырды. Сараман барысында кездескен қиындықтарды да атап өтті. Студенттердің көпшілігі арнай мектеп интернатта сараманнан өтті. Соған байланысты сол мектептердің өзіндік ерекшеліктерімен танысты, жұмыс жасау ерекшелігін меңгерді.

Студенттердің қорытынды есебі, ғылыми-зерттеу жұмыстары тексеріліп, әдіскердің есебі тыңдалып, практика қорытындысында 3 курс студенттерінің барлығы бағаланды.

p1.png - 1.00 MB

p2.png - 1 001.20 kB

p3.png - 977.14 kB

p4.png - 941.89 kB

p5.png - 629.05 kB