2024- 2025 оқу жылында Педагогика және психология БББ бойынша түлектердің жұмысқа орналасуы жөнінде есебі
2024-2025 оқу жылында Педагогика және психология БББ бойынша 39 студент аяқтады. Оның ішінде 6В01101- педагогика және психология БББ бойынша 31 студент (26 студент қ/б, 5 студент о/б), 6В01801- Әлеуметтік педагогика БББ бойынша 8 студент (6 студент қ/б, 2 студент о/б).
Педагогика және психология БББ бойынша 2024-2025 оқу жылында университет бітірген түлектердің өз білім беру бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепте психолог, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент болып жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік педагогика БББ бойынша бітірген түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі жоғары болды. Олар жалпы білім беретін мектептерге, оқушылар шығармашылық үйіне және жастар шығармашылық орталығына әлеуметтік педагог ретінде қабылданды.
Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің де басым бөлігі мамандықтарына сай жұмыс тапты. Олар түлек жалпы білім беретін мектептерге, оқу орталықтарына, аудандық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясына және Психологиялық қолдау орталығына педагог-психолог ретінде қабылданды. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебі филиалына, психологиялық көмек көрсету ұйымдарында жұмыс істейді.
Бір студент өз білімдерін магистратурада жалғастыруда, Жұмағали Айзере «Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті», 7М01109 Педагогика және психология білім бағдарламасы бойынша 1 курс магистранты.
Жыл бойына топ жетекшілері студенттерге облыс және қала мектептерімен білім беру ұйымдарындағы жұмыс орындары жөнінде ақпарат беріп отырады. Сәуір айында факультет аралық және университетішілік «Бос орындар жәрмеңкесі» шарасы ұйымдастырылып, түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасалды.
«6В01101 Педагогика және психология» БББ топтар бойынша 2025 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері
|
Оқу тілі |
Топ саны |
Жұмысқа орналасқаны, түлек |
Жұмысқа орналаспағаны, түлек |
Магистратурада оқитын түлек |
Бала күтіміне байланысты, түлек |
|
|
ПИП-41 |
қазақ |
20 |
15 |
2 |
0 |
3 |
|
ПИП-42 |
орыс |
5 |
3 |
1 |
1 |
- |
|
Пип-31(3) |
қазақ |
6 |
4 |
- |
- |
2 |
|
Барлығы. |
31 |
22 |
3 |
1 |
5 |
«6В01801 Әлеуметтік педагогика» БББ топтар бойынша 2024 ж. түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіштері
|
Топ |
Оқу тілі |
Топ саны |
Жұмысқа орналасқаны, студент |
Жұмысқа орналаспағаны, студент |
Магистратурада оқитын студент |
Бала күтіміне байланысты, студент |
|
СПС-41 |
қазақ |
6 |
6 |
- |
- |
- |
|
СПС-42 |
орыс |
2 |
2 |
- |
- |
- |
|
Барлығы. |
8 |
8 |
- |
- |
- |
2024-2025 оқу жылын 6В01101 «Педагогика және психология» БББ бойынша 31 түлек бітірді. 3 түлек әзірге жұмысқа орналаспаған. Кейбірінің жұмыстан бас тартуы уақытша өмірлік жағдайларына байланысты болғанымен, жұмысқа орналасу деңгейі 90,3% болып отыр.
6В01801 «Әлеуметтік педагогика» БББ бойынша 8 түлек бітірді, барлығы жұмысқа орналасты. Пайыздық көрсеткіші 100 %.
2025 жылы аталған екі білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің басым бөлігі мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасты. Бұл оқу орнының сапалы дайындық беретінін және еңбек нарығында сұраныс барын көрсетеді. Білім беру бағдарламасын әр жыл сайын бітіретін түлектер жалпы білім беретін мектептерде және жалпы білім саласында нәтижелі жұмыс жасауда. Сондай-ақ түлектер білім беру бағдарламасымен ынтымақтастық мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарына өз үлестерін қосып отырады.
Сонымен қатар, оқу орны түлектерінің кәсіби құзыреттілігін, психологиялық даярлығын және әлеуметтену мүмкіндігін тиімді қалыптастыра алған.
Ұсыныстар:
- Жұмысқа орналаспаған түлектермен жеке жұмыс жүргізу (бағыт-бағдар беру, жұмыс іздеуде көмектесу);
- Еңбек нарығымен тығыз байланыс орнату, оқу орнында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру;
- Жеке кәсіпкерлікке бейім түлектер үшін бизнес негіздеріне бағытталған электив курстар қосу.

