Педагогика және психология кафедрасының 2019-2020 оқу жылындағы академиялық ұтқырлығы
- Студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы: 04.09.2019-10.01.2020 аралығында 5В010300 "Педагогика және психология" мамандығының 3 курс студенті Курбанова Азиза Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік инженерлік технологиялар университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды.
20.01.2020 -01.05.2020 аралығында 5В010300 "Педагогика және психология" мамандығы, Пип-21 тобының 2 курс студенті Нұғманова Аяжан академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алды. (Алматы).
20.01.2020 -01.05.2020 аралығында 5В012300 "Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығының 2 курс студенті Дүйсенбаева Жаркынай Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алды. (Алматы).
- БҚУ-ға келген студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы: жоқ
- Оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы: М. Өтемісов атындағы БҚМУ мен Ұлы Казимир университеттерінің (Быдгощ қаласы, Польша) арасында жасалған келісім-шарт негізінде 01.11.2019 - 15.11.2019 аралығында Педагогика және психология кафедрасына әлеуметтік ғылымдар докторы, гуманитарлық ғылымдар бойынша PhD, қауымдастырылған профессор, дефектолог Дорота Подгорск-Яхник ПОҚ біліктілігін арттыру, магистранттар мен студенттер арасында оқыту семинарларын өткізу, облыс және қаланың дефектологтарымен практикалық тәжірибе алмасу мақсатында келді.