3 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды есеп

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерінің «Сабақ беріп көру» педагогикалық практикасының қорытынды есебі

«Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 3икурс (Пимно-31, Пимно-32 тобы) студенттері 21.01.19-16.02.19 ж.ж. уақыт аралығында «Сабақ беріп көру» педагогикалықпрактикаданөтуге №40, №46, №6 ЖББОМ жіберілді. Әдіскер ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының оқытушылары С.Н.Ерниязова, А.Д.Муканова бекітілді.

«Сабақ беріп көру» практикасына байланысты 3 курс студенттерінің дайындық жұмыстары жүргізілді. Бір апта бұрын бөлінген сыныптары бойынша оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жопарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік папка жасақталды. Студенттермен бірге оқу жоспарларын қарастыру барысында ортақ тақырыптардың және тілдік мақсаттардың маңызы талқыланды. Сонымен қатар,

- белсенді оқытудың артықшылықтары мен қиындықтары қандай?,

- оқудағы кедергілерді қалай жоюға болады?,

- оқудың қандай белгісіне қарап оны белсенді оқу деп айта аламыз?,

- белсенді оқушылармен жұмыс жасау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады?, т.б. сұрақтар аясында студенттермен әңгімелесу жүргізілді

Критериалды бағалау қағидаттарын және критериалды бағалау жүйесінің мазмұнын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықтан және интернеттағы материалдарды http://www.cpm.kz, http://www.nao.kz, http://smk.edu.kz порталдарына тіркелу арқылы ұсынылған оқу – әдістемелік материалдарын қарастыру барысында танысты.

Практика 4 апта бойы жүргізілді. Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Сынып құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және класс жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Әрбір студент:

- математика, қазақ тілі, ана тілі пәндерінен 3 сабақтан;

- дүниеттану, бейнелеу, саз, еңбек, дене тәрбиесі, (ағылшын, информатика) пәндерінен 1 сабақтан;

- бірден кем емес сыныптан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткізді.

Студенттер сабақтардан белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың төмендегідей әдіс – тәсілдерін қолданғандықтары байқалды.

- оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру;

- түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру, математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

- мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

- оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке және топтық жұмыс;

- бірін-бірі оқыту;

- түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану;

- математиканың практикада қолданылуын пайдалана отырып оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру;

- тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды, алгоритмдерді құру;

- математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;

- тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша және жазбаша);

- оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге ынталандыру (рефлексия).

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді.

Студенттер жиынтық бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу мақсатында «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» құралындағы бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырды және БЖБ, ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үдерісіне қатысып, балл қойып, ата-аналарға арналған ақпараттан тұратын рубрика дайындау жұмыстарына қатысты.

Практиканың соңғы күні мектептерде кіші педкеңес өткізіліп, студенттер жұмысына пікір айтылып, баға берілді. Студенттер қорытынды конференцияға есеп бойынша слайдтар дайындады. Студенттердің құжаттары жақсы безендірілген, әдіскерлер тексеріп, бағаларын қойды.

Практика жетекшісі:______С.Н.Ерниязова

«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттерінің мемлекеттік педагогикалық практикасының қорытынды есебі

Жаңартылған білім мазмұны аясында педагогикалық мамандықтардың 4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бағдарламасы бойынша «Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы» мамандығының 4 курс (ПиМНО-41, ПиМНО-43, ПиМНО-42) және жеделдетілген 3 курс (ПиМНО-у/33) студенттері 21.01.19-30.03.19ж.ж. уақыт аралығында мемлекеттік практикадан өтуге №1, №5, №44, №34, №6, №21 ЖББОМ жіберілді. Студенттердің барлығы жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқитын сыныптарға бөлінді. Бұл практиканың мақсаты студенттердің алдыңғы курста алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке дайындығын анықтау болып табылады. Әдіскерлер: С.Н.Ерниязова, Г.С.Абугалиева, Б.Ж.Гайпназарова, Л.Г.Круглова.

Даярлық кезеңде студенттер практиканың мақсат-міндеттерімен, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен танысты.

Практика мақсаты - оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан студенттердің педагогикалық дағды мен құзіреттілігін қалыптастыру

Міндеттері: оқу пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету; оқу бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету; студенттердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Практика 10 апта бойы 3 бағытта жүргізілді: зерттеу, іске асыру, рефлексия.

Бірінші аптада бақылау жұмыстары, яғни студенттер оқушыларды меңгереді, мұғалімдердің сабақтарына, сыныптан тыс жұмыстарына қатысты. Сабаққа толық педагогикалық-психологиялық немесе ішінара талдау жасап, бақылағандарын арнайы күнделікке жазып, толтырып отырды. Студенттердің өткізілетін сабақтарының тақырыптарын анықталып, жоспар құрылды.

Сонымен қатар студенттер жаңартылған білім беру мазмұнын толықтай түсіну мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізіп:

- http://www.cpm.kz, http://www.nao.kz, http://smk.edu.kz порталдарына тіркеліп және ұсынылған оқу – әдістемелік материалдармен танысты.

- оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) және тәрбие жұмысының жопарын алып, танысып, жеке пәндер әдістемесі бойынша әдістемелік көмек алды;

- оқу үдерісінде оқушылардың іс-әрекетін білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында ұйымдастырудың маңыздылығын ұғынды;

- қысқа мерзімді жоспар дайындауда және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда ортақ тақырыптар жүйесін сақтайтындығын анықтады.

- пән бойынша белгіленген сабақ мақсатына сәйкес сараланған тапсырмалар дайындады;

- оқу материалы бойынша Блум таксономиясы ойлау дағлыларының деңгейлеріне сәйкес сұрақтар даярлау жұмыстарын жүргізді;

- қалыптастырушы бағалаудың мақсаты мен қағидаттары, қалыптастырушы бағалау үдерісіндегі мұғалімнің және оқушының рөлі, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен оларды құрастыру алгоритмін түсінді;

- Жиынтық бағалаудың мазмұны және ұйымдастыру тәртібін анықтады;

Екінші аптадан бастап студенттер мектептің оқу-тәрбие жұмысына араласып, барлық пәндер бойынша сабақ беруге кірісті және сынып жетекшілік міндетін де қоса атқарды. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде сынып мұғалімінің қатысуымен өткізілді. Практика кезінде әр студент күнделік жүргізіп отыр, оған күнделікті жүргізген оқу-тәрбие жұмысын жазып, талдады. Сыныптағы бір оқушыға психологиялық-педагогикалық мінездеме жазу үшін зертеу материалдарын жинақтады.

Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ата-аналар жиналысын өткізуі, ізденімпаздықтары т.б.. Дипломдық жұмыстар тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, кемшіліктер де кездесті. Студенттердің сабақта әлі де сыныпты ұйымдастыру және тәртіпті орнатуда, барлық оқушылардың білімін бақылау, жетекші сұрақтар қоя білу, уақытты тиімді пайдалануда қиналатыны байқалды.

Қорытынды конференция өткізіліп, студенттердің рефлексивті есебі тыңдалды және олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірлерін білдіріп, оң баға берді. Тапсырылған құжаттары бойынша пікірлер айтылды. Рефлексивті есеп 1500 сөзден тұрады, есепте белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен қиындықтары, оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес сараланған тапсырмаларды қолданудың нәтижесі, сабақ барысында диалог орнату және тиімді сұрақтар қою нәтижесі, қалыптастырушы бағалау тиімді болуы үшін жасалған қадамдар, одан арғы даму бағыттары көрсетілді.

Студенттердің берген есебіне тоқталсақ, сараман кезінде мектеп мұғалімдері мен әдіскер-оқытушылардың көмегімен талап етілген жұмыстардың барлығын жауапкершілікпен сәтті аяқтап, көп нәрселерді үйреніп, жоғары жетістіктерге жеткендерін айтты. Сабақтарында оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолданған.

Жаңа білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес студенттер сыни ойлау стратегияларын қолданғандықтарын айтты. Мысалы «Венн диаграммасы», «Қар кесегі», «Артығын алып таста», «Сәйкестендір», «Сөйлемді толықтыр», «Жоқ сөздерді тап», «Ыстық орындық», «Домино», «Білім ағашы», «Жұбын тап», «Үндемес», «Пазл» т.б. Күнделікті сабақта «бағдаршам», «күлегештер», «бас бармақ», «от шашу», «мадақтау және ынталандырушы сөздер», «жетістіктер жолағы», «шапалақтау» әдістерін тиімді қолданумен қатар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында ұсынылған тапсырмаларды немесе өздері құрастырған тапсырмаларды беру арқылы бағалап отырды. Яғни, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс үнемі қамтамасыз етілді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, арнайы дескрипторлары бар бағалау қолданылып отырды.

Студенттер білім алушыларды жеке тапсырмалардың критерийлерімен таныстыру, дескриптор құру, сұрақтарды тиімді қою, ауызша және жазбаша кері байланысты қамтамасыз ету, сыныптасын және өзін-өзі бағалауға үйрету, жалпы оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктерімен іс жүзінде танысқандығын айтты. Сонымен қатар, мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырып және БЖБ, ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үдерісіне қатысып, балл қойып, ата-аналарға арналған ақпараттан тұратын рубрика дайындау жұмыстарына қатысты.

Ата-аналар жиналысы, мектеп ішілік шараларға қатысқандарын әсерлі баяндады. Бастауыш сыныптың оқушылары арасында тәрбие сағаттары және тәрбие шараларын ұйымдастыруда жақсы жетістіктерге ие болғандарын баяндады.

Әдіскерлер мектептің бастауыш сынып мұғалімдері студенттердің өткізген сабақтарына, өздерін ұстауы, сөйлеу мәдениетіне, балалармен жұмыс жасау қабілеттеріне, жалпы даярлықтарына көңілдері толғандығын айтып, алғыстарын білдіргенін жеткізді.