6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының практикалық конференциясы

Оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының  студенттеріне бағдарламалар дайындалып,  қызметтік жазба жазылып, «Мансап» орталығына тапсырылды. Студенттерге практика жетекшілері практика бағдарламасымен таныстырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Практика 12.02.2023 – 20.04.2023 ж.ж. уақыт аралығында 10 апта өткізіледі.  1 курс  студенттері   №9 «Еркем-ай» бөбекжайынан қазақ тобы-үздіксіз педагогикалық практикадан  өтіп жатыр.

Практика мақсаты- мектепке дейiнгi ұйыммен және оның құрылымымен таныстыру, іс-құжаттарды және оны жүргiзу тәртiбiн, меңгерушiнің, әдiскердің, тәрбиешiнің, музыка жетекшiсiнiң жұмыс мазмұнын меңгерумен әртүрлi топтың күн тәртiбiмен танысып, балалардың өздiгiмен әрекетiн және тәрбиешiлердiң ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі, серуендегi педагогикалық әрекетiн бақылау және талдау жасап, мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарын бақылау болып табылады.

Практика әдіскерлері мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының  оқытушысы  Убишева А.С. тағайындалды. Әдіскер апта сайын студенттермен кездесіп, атқарылуы тиісті тапсырмаларды түсіндірілді.

2 курс студенттері №49  «Ақниет»,  №21 «Росинка» бөбекжайларынан қазақ тобынан 15, орыс тобынан 4 студент үздіксіз педагогикалық практикадан  өтіп жатыр. Практика жетекшілері  мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының оқытушылары, магистр Есқақова Ф.Е., Муканова А.Д. тағайындалды. Практиканың мақсаты білім алушы практикалық педагогикалық қызметте, жеке басының кәсіби бағытын қалыптастыруда тәжірибе жинақтау, білім алушыларда практикалық психологиялық-педагогикалық іс-әрекетте теориялық білімді қолданудың кәсіби дағдылары мен ептіліктерін қалыптастыру, тереңдету жəне бекіту, психологиялық-педагогикалық тәжірибе элементтерін игеру мен қажетті дағдыларды қалыптастыру, оқу іс -әрекеті жұмысымен танысу.

Практиканың бекітілген бағдарламасына сәйкес практика жетекшілері балабақша меңгерушілермен, балабақша әдіскерлерімен, студенттермен жұмыстанып, тиісті құжаттар жинақталуда.

 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4 курс  МДОТ-41, МДОТ-41-1 топтарының студенттері №49 «Ақ ниет», №21 «Росинка» бөбекжайларынан мемлекеттік педагогикалық  практикадан өтуде. Практика жетекшілері мектепке дейінгі және бастауышта оқыту білім беру бағдарламасың оқытушылары, магистр Баюканская С.Ф., Есқақова Ф.Е. бекітілді.

Практиканың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтың кәсіби іс-әрекетімен таныстыру, теориялық білімді тереңдету және бекіту және практикалық қызметпен байланыс орнату.      

Студенттер практика кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың қызметімен, құрылымдық бөлімшелерімен, меңгеруші, әдіскер, тәрбиешінің жұмыс мазмұнымен танысады. Әр түрлі жастағы топтарындағы күн тәртібін талдады, балалардың өзіндік жұмыс кезінде, сабақта, серуенде тәрбиешінің педагогикалық қызметін бақылайды.

Бақылау жұмыстары, яғни студенттер  бөлінген балабақшамен, меңгеруші т.б. қызметкерлермен, балабақша құрылымымен, балалармен, топ бөлмесімен, өткізілген күн тәртібіндегі шараларды бақылау (қабылдау, тамақ, сабақ, ойын, серуен, ұйқы, шығарып салу, тәрбие жұмыстары т.б). Бақылағандарын арнайы  күнделікке жазып, толтырып отырады.  Топ құжаттарымен танысып, мәліметтер күнделіктің алғашқы беттеріне жазылады.

Практика жетекшілері де балабақша қызметкерлерімен үнемі байланыста болып, сабақтан тыс уақытта балабақшаларға барып, студенттердің практика барысын бақылауда. Балабақша әдіскерлерімен бірлесіп, студенттердің қатысымының тізімі жасалды.