«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері бойынша «Сабақ беріп көру» практикасының қорытынды конференциясы

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері (БОПӘ-31, БОПӘ-35) 01.04.2024-04.05.2024 ж.ж. уақыт аралығында №46, №45, ГЭН, №50, №19, №22 мектептерінен «Сабақ беріп көру» практикасынан өтті. Әдіскер ретінде «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы» БББ оқытушысы Г.Е.Тлепбергенова бекітілді.

 Практиканың мақсаты: Болашақ мұғалімдерді жан - жақты дамыту, практикада кәсіби біліктілікті жетілдіру және мұғалім (бастауыш сынып мұғалімі, пән мұғалімі, сынып жетекшісінің көмекшісі/кураторы) ретінде жұмыс істеу үшін қажетті пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. «Сабақ беріп көру» практикасы болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды. Практика бір ай көлемінде  жүргізілді. Практикасының 1-аптасы дайындық жұмыстарын жүргізуге, өзіне бөлінген сыныптағы мұғалімнің, оқушылардың жұмыстарын бақылауға арналды. Бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндердің бағдарламаларымен танысады. Сынып жетекшісі мен практика жетекшісімен бірлесе отырып, 3-тоқсанның әр пәнге байланысты жоспарларындағы өзгерістерді анықтайды. Тәрбие жұмысы жоспарын құрастырады. Практикант екіден кем емес сыныптан тыс жұмыс немесе тәрбие шарасын өткізуге міндеттелді. Практиканттың барлық жұмысы педагогикалық бақылау күнделігінен көрініс табу керек. Күнделікте практиканттың жүргізген барлық жұмыстары жазылып, алған бағалары қойылады. Практика біткен соң студенттерге қорытынды конференция ұйымдастырылып, түгелдей практика құжаттары жинақталып, тапсырылды. Практика құжаттары айтылған талаптарға сай, барлығына тиісті бағалары платонға жүктелді.