6В01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері бойынша кәсіби педагогикалық практиканың қорытынды есебі
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (Пимно - 41, Пимно -45, Пимно-у/33) білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері 12.02.2024-25.05.2024 ж.ж. уақыт аралығында №10, №43, №40, №45, №30, №20, №33, №22, №2 ЖОББМ және сұраныстары бойынша мектептерге кәсіби педагогикалық практикаға және 06.05.2024-25.05.2024 ж.ж. уақыт аралығында кәсіби диплом алды практикадан өтуге жіберілді. Топтарға әдіскер ретінде Тлепбергенова Г.Е. бекітілді.
Студенттерге конференция өткізу барысында практиканың мақсат-міндеттерін, іс-әрекет мазмұнымен, практика соңында тапсырылатын құжаттар мен оларға қойылатын талаптармен таныстырды.
Мақсаты: студенттердің алдыңғы курста алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру және өз бетінше жүргізетін кәсіби-педагогикалық қызметке дайындығын анықтау, оқу пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан студенттердің педагогикалық дағды мен құзыреттілігін қалыптастыру.
Қорытынды конференция өткізіліп, студенттердің рефлексивті есебі слайд түрінде қаралды және олардың жұмыстарына әдіскерлер пікірлерін білдіріп, оң баға берді. Студенттер белсенді оқыту мен оқуды ұйымдастырудың артықшылықтары мен қиындықтары, оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес сараланған тапсырмаларды қолданудың нәтижесі, сабақ барысында диолог орнату және тиімді сұрақтар қою нәтижесі, қалыптастырушы бағалау тиімді болуы үшін жасалған қадамдар, одан арғы даму бағыттары бойынша қысқаша сөз сөйледі.
Студенттердің берген есебіне тоқталсақ, практика кезінде мектеп мұғалімдері мен әдіскер оқытушылардың көмегімен талап етілген жұмыстардың барлығын жауапкершілікпен сәтті аяқтап, көп нәрселерді үйреніп, жоғары жетістіктерге жеткендерін айтты. Сабақтарында оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, жеке, топпен, жұппен жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді әдіс-тәсілдерді қолданған.
Сонымен қатар мұғаліммен бірге бастауыш сынып пәндерінен жиынтық бағалауға тапсырмалар дайындап, онлайн кезінде онлайн мектепке кіру жолын үйреніп, БЖБ,ТЖБ өткізіп және балл қойып, нәтижелерін талдау үдерісіне қатысты.
Ата-аналар жиналысына қатысып, мектепішілік шараларға белсенді қатысқандарын атап өтті. Бастауыш сынып оқушылар арасында тәрбие сағаттары мен тәрбие шараларын ұйымдастыруда жақсы әсер алып, жақсы жетістіктерге ие болғандарын баяндады.
Практика бойынша ұйымдастырылған қорытынды конференцияға студенттер толық қатысып, жұмыстарына пікір айтылып, баға берілді. Топ студенттері өте жоғарғы деңгейде өткендігі топ студенттеріне берілген мектеп директоры, сынып жетекшілердің жазған мінездемелері, жинақтаған практика құжаттары дәлел. Кейбір мектептер студентерімізге өте жоғары дәрежеде практикадан өткендігіне риза болып алғыс хатта табыстады. Практикада студенттер өздеріне оң нәтиже алғандарын қуана айтты.
Баланы оқыту және тәрбиелеу оңай жұмыс емес екенін атап өтті. Сондықтанда мұғалімдік мамандық өз ісіне мұқият, жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсінді. Студенттердің практика құжаттары тексіріліп және видеоматериалдары дискіге салынып, толық тапсырылып, бағалары қойылды.