«Кәсіби даму жүйесіндегі жаңа парадигма: жаңаша көзқарас және кәсіби өсу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Ағымдағы жылдың 1 қазан күні Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің педагогика факультетінде «Кәсіби даму жүйесіндегі жаңа парадигма: жаңаша көзқарас және кәсіби өсу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы З.О.Кекеева «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мәселесі жоғары мектепті дамыту ресурсы ретінде» тақырыбында, ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-практикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.И.Сардарова «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы С.М.Бахишева «Өзін-өзі оқыту ұйымы педагогтарды өзгерістерге дайындаудың факторы ретінде» тақырыбында, А.С.Макаренко атындағы №6 жалпы орта мектебінің мұғалімі, директор орынбасары Л.Г.Круглова «Қазіргі білім беру парадигмалары» тақырыбында, олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі коммуналды мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А.Баймукашева «Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру» тақырыбында сөз қозғаса, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінен педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.А.Ерғалиева «Болашақ мамандарды кәсіби қалыптастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында, педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.А.Гусева «Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттыру – білім беру жүйесін жаңғыртудың қажетті шарты» тақырыбында, педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.А.Адельбаева «Білім берудің жаңа парадигмаларын дамытудың алғышарттары» тақырыбында баяндама оқыды.