Педагогикалық іс тәжірибе кезіндегі Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мен - қазақпын» танымдық онлайн форматында өткізілген тәрбиелік іс – шара

                                       

                                                                                                               Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествасына 

                                                                                                                                                                                                                                                                     барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы

     жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері.

                                                                                             С.Шаймерденов

                                                                                                                                       

 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология мамандығының екінші курс студенттері арасында (Пжп 21,23) 30.10.20 күні  Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына орай «Мен - қазақпын»  онлайн форматында танымдық кеш өтті.

Кештің негізгі мақсаты:

а) студенттерді ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Мен - қазақпын» поэмасына талдау жүргізу, Жұбанның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, поэзия туралы түсініктерін дамыту.

ә) білім алушыларды елін, жерін сүюге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттық тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады, қосымша мәліметтер алады, топпен жұмыс істеуге бейімделеді. Ізденіс-шығармашылық қабілеттері дамиды.

Онлайн танымдық кеш зоом программасы бойынша онлайн форматында өткізілді. Алғашқы сөзді аға оқытушы, куратор жетекшісі С.Б.Калаханова ақынның өмірі жөнінде сыр шертті. Екі топтан 16 студент қатысты және магистрант Б.Т.Тасмуханова мен Т.А.Талапқали осы кештің өту барысына жауапкершілік алды. Онлайн танымдық кешті бастамас бұрын ұйымдастыру бөлімінде  студенттердің көңіл күйлерін көтеру мақсатында  табиғат әуенімен «Босансу» тренингі жүргізілді. (7 мин) Мағынаны тану бөлімінде қысқаша ақынның өмір баяны, еңбектері жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.(15 мин) «Балық қаңқасы» әдісі арқылы топтық талдау жұмысы болды. Қаңқаның басы бірінші топ - тарих-философия, екінші топ -тәлім-тәрбие, педагогика, үшінші топ –ой-сана, психология бойынша Мен – қазақпын поэмасын талдады. (15 мин) Осы кеште Пип-21 тобының студенті Алдонғарова Аяулым поэмадан жыр шумағын мәнерлеп оқыды. Рефлексия бөлімінде эссе және сұрақтарға жауап өткізілді (6 мин). Кештің соңында «Тазалану» тренингі жүргізіліп студенттер өз бойындағы 9 нашар қасиеттерін параққа жазып қоқыс жәшігіне тастады. Жұбан Молдағалиевтің құрметіне ұйымдастырылған танымдық онлайн кеші өз мақсатына жетті, студенттер кештен жақсы әсер алғандарын сөз соңында тиек етті.

zh5.jpg - 115.74 kB

Пип-21, Пип-23 топтарының кураторының алғы сөзі

 

zh6.jpg - 96.67 kB

«Босансу» тренингі

 

 

zh8.jpg - 129.52 kB

Ақын өлеңінен