«Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты кураторлық сағаты

20 қараша күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Педагогика және психология» мамандығы ПиП-21, ПиП-23, ПиП/у-25 топтарына студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты кураторлық сағаты оздырылды. Кураторлық сағаты топ кураторы Калаханова Светлана Бактыбаевнаның құттықтауымен басталды. Студенттерге арналған құттықтау видеоролигі көрсетілді. Сонымен қатар университетіміздің 2018-2019 жылғы түлектері Сериккалиев Елдос Айдарбекұлы - Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы, Жакупова Мөлдір Маратқызы - Байқоңыр қаласында ерекше білімді қажет ететін балалар  логопед-дефектологы, Бақытжан Ұлжан Бердешқызы - әлеуметтік ғылымдар магистрі, Нұрсұлтан қаласында «Жас Ұрпақ» қоғамдық қорымен №84 мектеп-лицейде ерекше білімді қажет ететін балалар ресурстық кабинетінің психологі, студенттерді құттықтап, жылы лебіздерін жолдады. Кураторлық сағат барысында студенттер күнінің тарихымен таныстырып, тренинг өткізіліп, ситуациялық жағдайлар қойылды. Топ арасында ұйымдастырылған онлайн дауыс беру нәтижесінде ең белсенді студенттер Нұртазаева Қазына - «Ең пунктуальный студент», Көлдеубаева Сымбат - «Ең жылдам студент», Сахи Еркебұлан - «Ең әзілқой студент», Толыбаева Ботагөз - «Ең үздік ұйымдастырушы студент», Үсенғалиева Алтынай - «Ең үздік студент», Бекмрза Сандуғаш - «Ең пысық студент» номинацияларымен марапатталды. Кураторлық сағат соңында студенттер өз топтастарын құттықтап, топ кураторы С.Б.Калахановаға және магистранттар Д.Е.Ермагамбетоваға, Г.Нұрбекқызына ұйымдастырған шара мен құттықтауларға алғыстарын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.