«Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклі: «Болашаққа бастар жол» - «Линии жизни» деректі фильмі бойынша кураторлық сағат

30.11.2020 ж. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Педагогика факультетінде «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедраларының білім беру бағдарламалары студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклі: «Болашаққа бастар жол» - «Линии жизни» деректі фильмі бойынша кураторлық сағат ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар Педагогика факультетінің аға оқытушылары Федорченко Л.А., Калаханова С.Б. алғы сөз сөйлеп, студенттерді «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмі топтамасының мазмұнымен, тарихымен таныстырды. «Болашаққа бастар жол» - «Линии жизни» деректі фильмдерін қазақ және орыс тілінде тамашалады. Фильмнен кейін студенттер 4 сессиялық топтарға бөлініп, келесі сұрақтар бойынша талқылаулар жүріп, интерактивті презентацияда жұмыс жасалды: 

  • Елбасы бағдарламасы бойынша өмір тармақтары дегенді қалай түсінесіз?
  • “Нұрлы жол” дегеніміз не?
  • Қазақстан мен Ресеймен бірге қандай 3-ші ел транзитке қатысады?
  • Неге 90 жылдары Қазақстанның экономикасы әлсіз  болды?

Топта талқылаулар аяқталған соң ортақ залды қатысушалар өз ойларын білдіріп, пікірлерімен бөлісті. Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы түсірілген «Тәуелсіздіктің жеті қыры» топтамасындағы «Болашаққа бастар жол» деректі фильмі студенттерде танымдық қызығушылық тудырып, мол әсер қалдырды.

ppppppp.png - 2.20 MB

ooooooo.png - 2.29 MB

uuuuuu.png - 2.90 MB

yyyyyyyyy.png - 1.59 MB

rrrrrrr.png - 1.04 MB