«Қашықтан оқыту жағдайында ерекше білімді қажет ететін студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдау» шеберлік сағаты

Педагогика факультетінде «Қашықтан оқыту жағдайындағы білім беру үрдісін жаңғырту» атты әдістемелік апталық аясында 2021 жылдың 23 ақпанында педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Кенжегалиева А.Ж. «Қашықтан оқыту жағдайында ерекше білімді қажет ететін студенттерді психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағаты квест ойыны желісінде жүргізіліп, тапсырмалар орындау арқылы студенттерді педагогикалық-психологиялық қолдаудың түрлері анықталды, тренингтер жүргізіліп, педагогикалық қолдауда жаңа технологиялар, қосымшалар таныстырылды.