«Мамандығым – мақтынышым» түлектермен кездесу кеші

Ақпан айының 15 жұлдызында Педагогика факультеті, Педагогика және психология  кафедрасының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының түлектерімен кездесу кеші өтті.

Кездесуге «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығында  білім алып, аталған мамандық бойынша жұмыс жасап жүрген

  • 2015 жылдың түлегі, қазіргі таңда № 27 Мәншүк Маметова атындағы мектеп –лицейінің әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі - Исатаева Зәмзәгүл Сериковна;
  • 2018 жылдың түлектері Орал қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің куратор қызметін атқарушы - Шамгунов Нурлан Аскарович пен Дінмұхаммед Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясының   әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Айтжанова Ботакөз Талғатовна;
  • 2020 жылдың түлегі Орал қаласы 41 мектеп лицейінің әлеуметтік педагогы Мансурова Альбина Шафхатовна қатысты.

Кездесу кешінің алғашқы сөз кезегі Педагогика факультетінің деканы Ергалиева Гулжан Алгазиевна, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Кулдашева Надежда Утегалиевнаға берілді. Өз сөздерінде ҚР Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекет экономикасының инновациясына білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығына байланысты қолға алынған оқытудың дуалды жүйесінің жобасы —  мектеп пен жоғарғы оқу орындарының арасында байланыс табу екендігін айта отыра, соның бір дәлелі, мектеп жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасын барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау, қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі маңызға ие екендігінде атап өтті.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының алғашқы түлектері 2011 жылы үлкен еңбек жолына қанат қаққан болатын. Бүгінде білікті маман атанып отырған түлектер білім мен тәрбие берген оқытушыларға, студенттік шаққа деген сағыныштары мен қимас сезімдерін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ, қазіргі осы мамандықта оқып жатқан студенттерге берілген мүмкіндік пен уақыттың тиімді пайдалануын, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану пәндері бойынша теориялық білімдерін жетік меңгеру қажеттілігін түсіндіріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кеште студенттер түлектерге сұрақтар қойып, пікір алмасып, түлектер мен студенттер арасында танымдық ойындар ойнатылып, кеш мағынаға толы өткізілді.

Кешті қорытындылау сөзі Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, тәрбие ісі бойынша аға куратор, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының алғашқы түлегінің бірі  Балахмет Әйгерім Самиғоллақызына берілді.

 

Ұйымдастырушы: Педагогика және психология кафедрасы, 2022 жыл

Пресс-хатшы: Батырбаева Жанерке Бауыржанқызы