М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті, педагогика факультетінің студенттерінен құралған Ақниет қайырымдылық ұйымы 9 наурыз күні «Облыстық отбасы үлгісіндегі Балалар ауылына» барып қайтты. Мақсаты: балаларға бір күндік қуаныш сыйлау және керек жарақтарымен қамтамасыз ету.
Балаларға қажетті заттарды және азық-түлік алу үшін үш күнге сбор ашылды. Үш күндік сбор нәтижесінде 60189 теңге жиналды және қажетті заттар алынды. Барғаннан кейін ұйым мүшелері балаларға концерттік бағдарлама көрсетіп, тренинг ойындарын ойнатты. Балалар да қалыспай өз өнерлерін көрсетті. Мысалы: қазіргі заманға сай билерді өте жоғары деңгейде биледі. Қорытындылай келе балаларға сыйлықтар тарту етілді. Сүйкімді де, тәтті балапандарға барынша көтеріңкі көңіл-күй сыйладық деген ойдамыз. Балаларды қуанту мақсатында ашылған сборға ат салысқан барлық жандарға алғысымыз шексіз!
Әрқашан балапандарымыз күліп, ойнап жүрсе біз үшін бұл - бір бақыт.