«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы ұстазы»

Наурыз айының 30-жұлдызы Педагогика факультетінде Ғылыми кітапхана ұжымы мен Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ұйымдастырған  қазақ халқының бiртуар ұлы педагогы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы ұстазы» атты танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, әдеби кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.

Шараның алғы сөзі кітапханашы Айташова Гульшира Шаденовнаға беріліп, кітапхана ісі мамандығының 4-курс студенті Насирова Динара Ахмет Байтұрсыновтың мол мұрасына көрме жасақтап оған шолу жасап таныстырды.

Шараны Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс белсенді студенттері Матжанова Гулбакыт, Жиенбаева Назерке, Аханова Гулдана, Елемесова Нурсауле Толегенова Мөлдірдің  ақынның жазған өлеңдерін, аударған мысалдарын мәнерлеп оқып, Бактыгереева Аида мен Жанузакова Маиданы заманауи «Қара жорға» биімен көркемдеп, 3-курс студенті Нұресов Бекнұр, 2-курс студенті Шандаев Тимурханмен репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновтың тағдырынан сахналық көрініс қойып, Ерсайынова Жансая «Самға» әнімен әсемдеді.

Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратындай,төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр, - дей келе қорытынды сөзімен Ғылыми кітапхананың кітапханашысы Гүлсара Кенжаевна аяқтады.

 

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы,

магистр, топ кураторы 

 

 

Батырбаева Жанерке Бауыржанқызы