«Жоғары мектепте дуальды оқытуды жүзеге асыру жолдары» атты әдістемелік апталығы

2022 жылдың 4 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Педагогика факультетінде «Жоғары мектепте дуальды оқытуды жүзеге асыру жолдары» атты әдістемелік апталығы басталды.

Әдістемелік апталықтың мақсаты - жоғары мектептің оқыту үрдісіндедуальды оқытудың теориялық негіздерін айқындау, оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін арттыру, жұмыс берушілермен өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын кәсіби мамандар даярлаудың жолдарын жетілдіру.

Әдістемелік апталықтың міндеттері:

-  дуальды  оқытудың элементтерін қолдана отырып құзыреттілікке негізделген тәжірибеге бағдарланған білім берудің әдіс-тәсілдерін қолдану;

-  жас оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету;

-  жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды қолдана отырып кәсіби мамандар даярлаудың элементтерін жетілдіру.

Әдістемелік апталықтың ашылуында алғы сөз Педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Г.А.Ергалиеваға берілді.

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы меңгерушісі, аға оқытушы, магистр Д.Г.Хабиева «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасында дуальды оқытудың элементтерін жүзеге асыр жолдары» атты баяндамасын; Педагогика және психология кафедрасы меңгерушісі, аға оқытушы, магистр Н.К.Кулдашева «Білім беру үдерісінде дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі» атты баяндамасын;  Дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы магистр Л.Н.Ойлыбаева «Подготовка педагогических кадров в условиях дуально ориентированного обучения» атты баяндамаларын оқыса, Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, магистр Е.У.Акмуханов  «Шаңғымен жүріп тұру техникасын жетілдіру» тақырыбында вебинар өткізді.

Әдістемелік апталықтың бағдарламасы