«Жоғары мектепте дуальды оқытуды жүзеге асыру жолдары» атты әдістемелік апталығының екінші күнінде Орал қаласындағы Әскери-техникалық мектеп базасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тақырыбында «Ашық әдістемелік апталық» жоспары бойынша іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында ӘТМ-ның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары подполковник М.Г.Қадисов ӘТМ мұражайына экскурсия жасап, Батыс Қазақстан облысының батырларына экскурсия жүргізді. Сонымен қатар, мектептің оқу базасы мен оқушыларға арналған казармасымен таныстырылды.