«Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға қашықтан білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

    Педагогика факультетінің «Жоғары мектепте дуальды оқытуды жүзеге асыру жолдары» атты әдістемелік апталығы аясында 8 сәуір күні ЕБҚЕ студенттермен оқу-тәрбие үрдісінде жеке ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар беру, қашықтан оқыту технологияларын қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға қашықтан білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында электрондық пошта, Moodle білім беру порталының мүмкіндіктері мен LearningApps сайты арқылы қызықты тапсырмалар құру, орындау жолдары көрсетілді.