«Менің Қазақстаным»

Қазан айының 21-жұлдызы «Менің Қазақстаным» атты тақырыбында 25 қазан Республика күніне  орай Педагогика факультетінде Ғылыми кітапхана ұжымы мен  Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ұйымдастыруымен танымдық шара өтткізді. Шараның мақсаты студенттерді саналы, парасатты азамат етіп, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу,  елдің әр мерекесін мақтанышпен қарауға баулау.   

Мерекелік шараның алғы сөзі кітапханашы Айташова Гүльшира Шаденовнаға беріліп, мол мұрасына көрме жасақтап оған шолу жасап таныстырды.

Шара ары қарай сұрақ-жауап бөлімімен жалғасып, Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3-курс белсенді студенті Көшкінбаева Әмина- «Ана» атты  өлеңін мәнерлеп оқып,  Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс студентті Бақытжанов Тілеужан мен Нұрлыбекова Дильназ «Қазіргі Қазақстан және өткен Қазақстан» атты презентацияға шолу жасап,  Есенгелді Назерке «Шекара» атты өлең жолдарын оқып әсемдеді.

Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр, -дей келе қорытынды сөзімен Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Маденова Ляззат Мутигуллаевна педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Әйгерім Самиғоллақызына қорытынды сөз берілді.