«Қазіргі жас отбасы: ол қандай болуы керек?» атты кураторлық сағаттың өтуі туралы ақпарат

2022 жылығы 16 қарашада М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың Педагогика және психология кафедрасы, Педагогика және психология мамандығы бойынша 4-курс  студенттеріне «Қазіргі жас отбасы: ол қандай болуы керек?» атты кураторлық сағат өткізілді.

Мақсаты: отбасының адам өміріндегі орнын анықтау, "қазіргі жас отбасы" ұғымын кеңейту, ата-аналарға және отбасылық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Іс-шараға жалпы саны 40 студент қатысып, барлығы өте жақсы белсенділіктерін көрсетті. Аталмыш іс-шараның кіріспе бөлімінде бір-біріне шырақ бере отырып, жылы сөздер айтып психолоиялық жағымды ахуал қалыптастырады.  «Отбасы» деген ұғымға талдау жасайды. Негізгі бөлімде «Бір сағат уақытыңызды қия аласыз ба?» атты шағын бейнеролик көрсетіліп, ойларымен бөлісті. Бірнеше топтарға бөлініп шығармашылық жұмыстар атқарды.  «Қазіргі уақыттағы жас отбасы» тақырыбында 1-топ сурет салды, 2-топ тақырыптық жағдаятты талдады және 3-топ өлең шумақтарын шығарды. Сонымен қатар қазіргі заман отбасының құндылықтарын кірпіш ретінде қалай отырып, үй қалады. Қорытынды бөлімде «Перзент сыры» атты әнді шырқап, отбасы туралы түйінді ойларымен аяқтады. Сыныптан тыс өткізілген кураторлық сағат жоғарғы деңгейде, көкейге ой түйерліктей әрі қызықты өтті.