15 ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚУ, педагогика факультетінің ұйымдастыруымен «Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» Академиялық Кеңес отырысы оздырылды. Мақсаты: Жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ факультет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту.
Педагогика факультетінің деканы Ерғалиева Гүлжан Алғазықызы отырыс мақсаты, болашақ мамандарды жұмыстандыру жолдары жайлы қысқаша мағлұмат беріп өтті. Содан соң Мансап және жұмыска орналастыру орталығының жетекшісі: Ермеккалиев Тарас Серікқалиұлы «Жұмыс берушілердің талаптары бойынша модульдер әзірлеу, оқу үрдісін жетілдіру жолдарын қарастыру» тақырыбы бойыншаөз пікірін білдірді. Білім беру бағдарламаларын жаңалау, өзгерістер мен толықтырулар енгізужайлы университетімізде қонақта болған жұмыс берушілерде ойларын қоса кетті.Қазіргі уақытта педагогикалық бағытта жұмысқа тұру үшін ең басты қажетті құжат НКТ тест бағытында ортада жарыссөз жүрді. Келесі кезекте Элективті пәндерге берілген тапсырыстардың конкурсын өткізу; оқытушылардың тапсырыстарын қарастыру және элективті пәндер каталогына енгізу жайында білім беру бағдарламаларының жетекшілері: мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі Хабиева Дина Гарифоллиевна, педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Абдираимова Эльмира Кайрлиевна, дене тәрбиесін оқытудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ойлыбаева Лаура Нурболатовна кафедра жетістіктері және білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер жайлы ақпарат беріп өтті. Отырыс соңын эдвайзерлер Арыстанғалиева В.Т., Федорченко Л.А., Калаханова С.Б., Кенжегалиева А.Ж., Хайрашев А.М., Дүйсенбаева Ж.Б: Білім беру бағдарламаларының элективті пәндер каталогы, магистратура, бакалавриат және жалпы континент жайында презентациялар көрсетіп,4-курс студенттерімен, жұмыс берушілермен сауалнама жүргізілді.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/16-nwes-ped-psikh/559-bolasha-mamandardy-k-sibi-zyrettiligin-alyptastyru-atty-akademiyaly-ke-es-otyrysy-tkizildi#sigFreeId0cb5edba35