20.02.2023 жылы Заманауи психологиядағы психотехниканың теориялық және практикалық негіздері пәні бойынша педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. А.Г. Муханбетчина 7М01109 Педагогика және психология білім беру бағдарламасы (МПиП-11 тобы) магистранттарына «Когнитивті мінез-құлық психотерапиясының теориялық негіздері» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Ашық дәріс сабағында когнитивті мінез-құлық психотерапиясы туралы түсінік, когнитивті мінез-құлық психотерапиясының мақсаты мен міндеттері, когнитивті мінез-құлық терапиясының даму тарихы туралы ғылыми білім және тақырып бағытында жаңа ақпараттар беріліп, «ассоциация», «инсерт», т.б. оқытудың стратегиялары қолданылды. Топтық тапсырмалар беріліп, магистранттармен кері байланыс орнатылды.