21.02.2023 ж. күні «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталық аясында педагогика және психология кафедрасының оқытушы магистры А.С. Балахмет Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп интернатының әлеуметтік педагогы Нұрлыбек Абдулхадировичпен 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы (СПС-41) топ студенттеріне жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы интеграциялық сабақ «Әлеуметтік педагогтың кәсіби бейнесі» өткізді. Интеграциялық сабағында әлеуметтік педагогтың кәсіби бейнесін ашып, әлеуметтік педагогтың жұмысында қажетті құжаттармен тыныстырып, топтық тапсырмалар берілді. «Өзіңді тану» тренингімен интеграциялық сабақ қорытындыланды.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/16-nwes-ped-psikh/562-azirgi-zha-dajda-zho-ary-o-u-oryndarynda-pedagogikaly-bilim-berudi-zha-yrtu-distemelik-aptaly#sigFreeId79c88d5da9