22.02.22. 12.00-12.50. №7 корпус, 215 аудиторияда «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Исмагулованың әлеуметтік педагогика пәнінен СПС-21, СПС-21-1 топтарына ашық дәрісі өтті. Дәрістің тақырыбы «Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызмет жүйесі». Дәріс сабақтың мазмұнында әлеуметтік-педагогикалық қызмет және оның жүйесі, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі функциялары, құрылымы, міндеттері туралы түсінік берілді.
Дәрістің басында оқытушы дәрістің тақырыбы мен мазмұнын таныстырып, кіріспе сөз сөйледі. Одан кейін барлық студенттерді шаттық шеңберіне шақырыпосы мамандыққа неліктен таңдағанынтыңдап,кейін студенттер кезекпен топтың басқа мүшелерін әлеуметтік педагог мамандығына оның қандай басым қасиеті болашақта жақсы маман болуына себепші болатынын талдады.
Топтық тренингтен кейін топ 3 шағын топқа бөлінді. Бірінші топқа әлеуметтік педагогикалық қызметтің тарихы (өткені), екінші топқа әлеуметтік педагогикалық қызметтің қазіргі жағдайы және үшінші топқа әлеуметтік педагогикалық қызметтің болашағын жобалау ұсынылды. Студенттердің презентациясынан әлеуметтік педагогикалық жұмыстың тарихы мен қазіргісі талданып, сондай-ақ болашағына болжам жасалды. Шағын топтың жұмыстары презентацияланғаннан кейін «Әлеуметтік педагогикалық қызмет» туралы видео көрсетілді. Видеодан кейін әлеуметтік педагогикалық қызметтерді атау ұсынылды. Видеода көрсетілген мәліметтерге сәйкес талдаулар жасалып, сұрақтармен бекітілді.
Кері байланыс үшін «Бес саусақ» әдісі қолданды.
Дәрістің мақсаты әлеуметтік педагогтің кәсіби қызметі жөнінде және оның жүйесі жөнінде түсінік берілді, дәріс мақсатына жетті.
https://pedfac.wku.edu.kz/novosti/16-nwes-ped-psikh/565-leumettik-pedagogty-k-sibi-yzmet-zh-jesi#sigFreeIdbb417ced67