Шеберлік сағаты «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру»

Педагогика факультетінің «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты әдістемелік апталығы аясында 24 ақпан күні педагогика және психология кафедрасының оқытушысы А.Ж.Кенжегалиева мен 7М02201 - Тарих білім беру бағдарламасының І курс магистранты А.М.Жұмағазиев «Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шара барысында М.Өтемісов атындағы БҚУ инклюзивті білім беруді ұйымдастыру туралы ақпарат беріліп, ерекше білімді қажет ететін білім алушылармен, балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары: сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыста қолданылатын тыныс алу, саусақ және артикуляциялық жаттығулар, дыбысты үй жағдайында оңай қоюдың тәсілдері, көру және есту қабілеті бұзылған балалармен жұмыста қолданылатын технологиялар тәжірибе жүзінде көрсетіліп, тифлотехникалық құралдармен жұмыс жасау мүмкіндіктері көрсетілді. Жұмағазиев Арман компьютер мен смартфонда Jaws 18.0, TalkBack, Bixby Vision, Av-3715, Логос аудиокітапхана қосымшаларын қолдану ерекшеліктерімен таныстырды.

Шара оқытушы мен білім алушылардың ым-ишара тілінде орындауындағы «Мы просто другие» әнімен қорытындыланды.