«Дауылды жырлардың жыршысы – ер Махамбет»

Ақпан айының 28-жұлдызы М.Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Дауылды жырлардың жыршысы – ер Махамбет» атты халқын найзалы күреске шақырған өршіл рухты, ерлік пен батырлықтың нағыз символына айналған Махамбеттей нар тұлғаның құрметіне орай Педагогика факультетінде Ғылыми кітапхана ұжымы мен  Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері ұйымдастыруымен танымдық шара өткізді. Шараның мақсаты: М.Өтемісұлының ерлігі мен өрлігін, ақынның отты шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, санамызға мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Махамбет поэзиясы-патшашыл хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты. Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын, әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлға-тұрпаты, ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге тұрарлық.