"Қазақ өнерінің анасы" танымдық кеш

Қазанның 10-ы күні педагогика факультеті, мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының аға оқытушы, магистрі В.Т. Арыстангалиеваның ұйымдастыруымен атақты кинорежиссер, сахна шебері Ә.Өмірзақованың туғанына 105 жыл  болуына орай БОПӘ-11(3) топ  студенттеріне "Қазақ өнерінің анасы" тақырыбында танымдық кеш ұйымдастырылды. Кураторлық сағат мақсаты:  студенттердің Халық әртісінің өмірі мен шығармашылығы туралы дүниетанымын кеңейту, әртістің театр сахнасы мен кино саласында сомдаған ана бейнесі арқылы қазақ әйелінің образын дәріптеу.

Танымдық кеш топ студенттерінің хормен "Абзал Ана" әнін айтуынан басталды. Кураторлық сағат барысында студенттер слайд, бейнероликтер арқылы  Әмина Өмірзақованың өмірі, еңбек жолы жә сомдаған рөлдері туралы кең мағлұмат алды. Сұрақ-жауап айдары кезеңінде Әмина Өмірзақованың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар қойылды. Одан әрі "Мозайка" әдісі арқылы көрермендерге Әмина Өмірзақованың сомдаған рөлдерін табуға арналған ойын өткізілді.  Топ студенті Төкеш Шұғыла  өз туындысы  “Ана туралы толғау” өлеңін оқып, өз өнерін ортаға салды. Кураторлық сағат соңында топ кураторы В.Т.Арыстангалиева  қорытынды сөз сөйлеп, Әмина Өмірзақованың қазақ өнерінің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, осы  шараның өтуіне ат салысқан студенттерге алғыс білдірді.