1 қараша сағат 14:20 – да куні Педагогика факультетіндегі «Жоғары оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту стратегияларын жүзеге асыру» атты әдістемелік айлық шеңберінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр А.С.Женисова ашық дәріс сабақ өткізді. «Этнопсихология және этнопедагогика» пәнінен өткізілген дәріс сабақтың тақырыбы «Дәріс-Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде». Дәрісте Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде компоненттерін ашып түсіндірілді толық ақпарат берілді. Ұлт психологиясы құрылымы бар және ұлттық –психологиялық ерекше формалары қарастырылды. Студенттер Ұлт психологиясын қалыптастыратын компоненттер туралы ұлттық мінез, ұлттық темперамент, ұлттық ақыл-ой, ұлттық сезім мен көңіл-күй, ұлттық салт-дәстүр мен әдеттер туралы түсіндірілді. Осыған байланысты студенттер жұмысы миға шабуылдан басталып, сабақта қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде модель құру арқылы топтағы жұмысты, жұптық, үштік жұмысты ұйымдастыру әдістемесінен мысалдарды көре алдық. Студенттер дәріс кезінде презентация арқылы кері байланыс жасалды. Оқытушы, магистр Альфия Сырымқожақызы дәріс сабақты интерактивті әдістермен өткізді. Ұлттық психология туралы хабардар болды. Дәріс мақсатына жетті. Студенттер үшін де, қатысқан әріптестер үшін бұл дәрістің тақырыбы мен мазмұны пайдалы болды деп есептейміз. Әріптестерімізге әдістемелік айлықта сәттілік тілейміз.